Ауылдар «Зиялы қауым» бағдарламасына ынталы

Облысымызда өткен жылдан бері «Зиялы қауым» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Алғашқыда бұл жоба пилоттық режимде Атбасар ауданы Шуйское ауылында сәтті сынақтан өтті.

Одан әрі бағдарламаны енгізуді облыстың тағы 13 ауылы қолдады. Қазіргі таңда жоба бірқатар елді мекендерде жүзеге асырылуда.

Міне, енді Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылында да осы «Зиялы қауым» бағдарламасы сәтті жүргізілуде. Осыған орай, өткен кезекті жиында жергілікті билік, құқық қорғау органдары, қауымдастықтар, құрамында беделді тұрғындар бар қоғамдық кеңестер ауылдағы қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін бас қосты. Олар тұрмысы төмен отбасылар және ішімдік ішуден, тәртіп бұзудан профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмыс істейді.

– Жиында құқық бұзушылық, ішімдік ішу сияқты мәселелер қаралды. Бұл адамдар өздерінің жауапкершіліктерін түсінді. Мұндай жұмыс бізде үнемі жүргізіледі. Осындай тақырыптарды талдау өте маңызды деп ойлаймын, – дейді жергілікті қоғамдастық төрағасы Серік Жұмажанов.

Бүгінде ауыл тұрғындарының айтуынша, Мәлік Ғабдуллин ауылында қылмыс жоқтың қасы. Елді мекенде жол мен аурухана салынуда. Ауыл ақсақалдары бірігіп, қоғамдастық құрып, қылмысқа бір тартылған адамдардың қайта сол жағдайға түспеуі үшін ақыл-кеңестерін беріп, қадағалап отырады.

– Мен Қызылегіс, Қанай би және Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі бойынша жұмыс істеймін. «Зиялы кауым» бағдарламасы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бері бізде заң бұзушылық мүлдем жоқ деуге болады, – дейді жиынға қатысқан Зеренді аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Рустам Оқапов.

Жиында жұртшылық қаперіне құқық бұзушыларға қатысты қабылданып жатқан шаралар жеткізіліп, ондайда әкімшілік жауапкершілікке тартып, есепке қою, қажет болған жағдайда маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, мінез-құлықты түзету, атап айтқанда, «ащы судан» бас тарту, жұмысқа орналасу және тағы да басқа ұсыныстар айтылды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар