Қоғамдық қабылдау – халықпен байланыстың шешуші буыны

«AМANAT» партиясының қоғамдық қабылдау қызметі партия жұмысының  ең маңызды әрі жауапты бағыттарының біріне жатады.  Қазіргі күні партияның облыстық, аудандық және қалалық филиалдарында қоғамдық қабылдау бөлмелері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жолға қойылып, ол билік пен бұқара арасында  берік байланыстың алаңына айналды. Оған дәлел, биылғы бірінші жарты жылдықта партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің атқарған толайым жұмыстары.

Жалпы, Ақмола облысы бойынша жыл басынан бергі алты ай ішінде  4377 өтініш түсіп, қарау нәтижелері бойынша  мәселелердің 65 пайызы оң шешілді.  Қалған 35 пайызы бойынша түсініктемелер берілді. Өңіріміздегі  барлық қоғамдық қабылдау алаңдарында 1274 қабылдау өткізіліп, 4171 адам өз өтініштерімен жүгінген.

«AМANAT»  партиясы Ақмола облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Қанафиннің айтуынша,басты міндет – өтінішпен келген азаматтардың мәселесін атқарушы билік және құқық қорғау органдарына жеткізе отырып, азаматтардың сол мәселесінің шешілуіне көмектесу.Бөлмемізге іздеп келген әр азаматтың бұйымтайы егжей-тегжейлі қарастырылып, зерттелуі керек. Сондықтан, әр филиал, әр бастауыш партия ұйымы азаматтардың күнделікті мәселелерін шешу процесіне белсенді түрде ат салысуы тиіс. Мәселен,қоғамдық қабылдау бөлмелерінде  апта сайын «Халыққа көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар өткізіледі,  онда заңгерлер, нотариустар, адвокаттар мен медиаторлар азаматтарды жеке мәселесімен қабылдайды. Ол қабылдаулардың қорытындысы бойынша қаншама азаматтарға ауызша тегін заңгерлік кеңес берілді, сот құжаттарын құрастыруға көмек жасалды, соттарда азаматтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмыстаратқарылады, – дейді Дархан Қанафин.

Мәселен, есептік кезеңде «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, нотариустар мен медиаторлар 126 қабылдау өткізіп, 398 азаматқа консультативтік көмек көрсеткенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, «Халыққа көмек» жобасы  аясында 1148 тақырыптық қабылдау өтіп, 3773 өтініш қабылданып, 87 көшпелі қабылдауда 323 өтініш қарастырылып, оның 173 пайызы оң шешілген.

–Көшпелі қабылдау өткізіп, ауыл аймақтарға барып,  мәселелерді шешу, бұл «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінің негізгі жұмыс тәсілдерінің бірі. Ол халықпен белсенді өзара іс-қимыл жасауға және олардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Көшпелі қоғамдық қабылдаулар халықты тікелей тыңдауға, олардың нақты мәселелерін жазып алуға және нақты шешімдерді ұсынуға жағдай туғызатыны тағы бар. Көшпелі қоғамдық қабылдауларда депутаттар, жергілікті атқарушы билік органдары, әкімдік өкілдері бізбен бірге жүреді. Бұл әр мәселенің жедел шешілуіне ықпал ететіндігінің дәлелі. Жұмыстың бұл форматы халық пен билік арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға әсер етеді, – дейді қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.

Партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тәжірибесі де бар. Мәселелерді шешуге жәрдемдескеннен кейін өтініш берушілер партияға кіруге ниет білдіреді. Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айында партияға 162 азаматпартия мүшесі болып, қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы қабылданған. Халық пен билік арасында дәнекер бола білген партия тұрғындардың өтініш-тілектерін шешу жолындағы жұмысынодан әрі жалғастыра бермекші.

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар