Өңірімізде бір миллион тоннаданастамшөпжиналды

Бүгінгі күнге дейін облыс шаруалары бір миллион тоннадан астам шөп жинап алды. Бұл өңіріміздегі биылғы қысқа қажетті мал азығын артығымен қамтиды деген сөз.

Алайда, жауын-шашынның қолбайлау болып тұрғаны жасырын емес. Соған қарамастан, жемшөп жинау науқаны әлі де жалғаса береді.

Мәселен, Зеренді ауданында да шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Жергілікті шаруалар бір жарым жылдық шөп қорын дайындауға ниеттеніп отыр. Қазір мұнда құнарлы жерлерде гектарына он центнерден астам шөп шабылып алынуда. Айталық, Ақкөл ауылында Ғалихан Ахметжанов өз жұмысшыларымен бірге күніне елу орам мал азығын дайындайды екен.

– Биылғы шөптің шығымы да сапасы да өте жақсы. Шөп қалың өскендіктен құнарлығы керемет. Енді оны аман-есен жинап алсақ, алдағы қыстан малымыз күйлі шығады деген ойдамын.   Қазір  бізде шабындық жерлерден басқа арнайы шөп егілген алқаптар да бар. Биыл осындай алқаптар 28 пайызға кеңейтіліп, 421 гектарға жетті. Сондай-ақ, шаруаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі, – деп айтып өтті мал азығын дайындаушы Ғалихан Ахметжановтың өзі.

– Биылғы шөп науқанына байланысты шаруаларға арнайы жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай бөлінеді. Нақтырақ айтсақ, бір литрін 250 теңгеден ала алады. Ол үшін шаруалар алдымен өтінім беруі керек. Ал, шөп жинауға субсидия берілмейді. Бұл туралы жергілікті шаруа қожалықтарының иелеріне айтылды.  Биыл өңірдегі мал азығының бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге арзандаған. Қазір аймақта бір орам шөптің құны 5 мың теңге. Ал, шөп жинау науқаны егін орағына дейін жалғасады. Қазір қажетті шөп қорының 90 пайызы жиналды. Бірақ,біздің солтүстіктегі ауа райыныңсуықтығына орай,  жемшөптің қай кезде де артық етпейтіні анық, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов.

Иә, бүгінгі таңда бәрімізге де белгілі жауын-шашынның жиілігімал азығын дайындау науқанына кедергі болып тұр. Шөбі шүйгін алқаптарды көріп, бір масаттансаң, ауа райының қолайсыздығына байланысты үйілген маялардың дымқылдығы тағы ойландырады. Ертеңгі күні оның іші қызып, бүлініп кетпес үшін кептіріп сақтамаса болмайды. Қалай десекте, биылғы мал азығынан мол өнім болары сөзсіз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар