Басты қағида – ашықтық, жеделдік пен сапа

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  саласы әрқашан  әділет  органдарының  басым міндеттерінің  бірі  болып  табылады.

Егер соңғы бірнеше жылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қолданыстағы заңнамасына енгізілген   өзгерістер мен толықтыруларды талдайтын болсақ, онда барлық өзгерістер мемлекеттік қызметтер көрсету процесін  авторизациялауға,  оларды көрсету рәсімін жеңілдетуге, қажетті құжаттар тізбесін және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқартуға бағытталған деп сеніммен айтуға болады. Нәтижесінде бюрократиялық кедергілерді болдырмайды және процесс мөлдір, ашық әрі қолжетімді болады.

Шынында, әділет органдары көрсететін барлық мемлекеттік  қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды. Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу мерзімі 10-нан 5 жұмыс күніне дейінекі есе қысқарды. Заңды тұлғалардың қызметін тоқтату рәсімі де 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды, ал, шағын кәсіпкерлік  субъектілерін  тіркеу  электрондық  форматта электрондық үкімет  порталындада  санаулы сағаттарда жүзеге асырылады.

Таратылатын заңды тұлғалар бойынша ақпарат алмасуды  автоматтандырудың  арқасында  таратылатын  заңды  тұлғалар  үшін  салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама беруден бас тартылды. Бұл тексеру «Заңды  тұлғалар» мемлекеттік деректер  базасы мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы  кезінде  жүргізіледі.

Бұл  ретте,  кез-келген  заңды  тұлғаны  табысты  таратудың  басты  өлшемдерінің бірі мемлекет алдындағы барлық салық  міндеттемелерін  орындау болып  табылатынын  атап  өту  маңызды.

Бизнес  субъектілерін  құруды  жеңілдету  мақсатында  ұзақ  уақыт  бойы  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  жарғыларын нотариалды  куәландыру қажеттілігі  алынып тасталды. Шағын кәсіпкерлік  субъектілері  үшін  жарғылық  капиталдың нөлдік  ставкасы  белгіленді. Ал, оны тіркеумен тарату тіркеу алымын алмай-ақ, тегін жүргізіледі.

Біздің азаматтарымызға коммерциялық ұйымдарға қатысты  мемлекеттік  қызметтер 2019 жылғы 1 шілдеден бастап  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпарациясы коммерциялық  емес  акционерлік қоғамына берілген болатын. Оны бір жыл бұрын  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі функциялар  коммерциялық емес акционерлік қоғамға, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеуге,  сондай-ақ, мемлекеттік бақылау  мен әдіснама  беру әділет органдарының енгізуінде қалғанын тағы да еске салғымыз келеді.

Сондай-ақ, заңды тұлғаның  тіркеу деректеріне  өзгерістер енгізу,  басшыны ауыстыру процесі автоматтандырылды. Ал, енгізілген өзгерістерді және  жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің құрылтай  құжаттарына  қосымша  өзгерістерді  тіркеу рәсімі  толығымен  алынып тасталды. Енді ол хабарлама  сипатында болады. Бұдан бөлек, «Е-Апостиль»  ақпараттық  жүйесі  арқылы «Әділет органдарынан  және  өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының   нотариустарынан  шығатын  ресми  құжаттарды  Апостильдеу»  мемлекеттік  қызметін  көрсету  табысты  жүргізілуде.

«Е-Апостиль» – құжаттарды тіркеуге және «мөртабан» беруге арналған электронды апостиль, ол орталықтандырылған есепке алуды және жіберілмеген құжаттардың бірыңғай мұрағатын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  аумағында ғана емес, сонымен қатар, онлайн режиміндеде тұратын өтініш берушілерге  жүгінуге мүмкіндік береді.

«Е-Апостильдің»  басты артықшылығы – құжаттарды беру уақытын қысқарту, халықтың мемлекеттік  қызметтерге  қол жеткізуін  жеңілдету  және құжаттарды жоғалту  қаупін  азайту, яғни, апостиль  мөртабанын беру  үшін  жылдам әрі  қауіпсіз  және  қағазсыз процедура.

Сондай-ақ, әділет органдары «нотариаттық қызметпен айналысу  құқығына үміткер адамдарды аттестаттау» және «адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау»  сияқты  мемлекеттік  қызметтерді  көрсетеді. Қазіргі уақытта  бұл  қызметтер электрондық форматқа ақпараттық жүйе арқылы  электрондық  өтініш беру  және  аттестаттау  туралы  шешім  алу  арқылы  электрондық  форматқа  ауыстырылды.

Мемлекеттік қызметтерді бағалаудың басты  критерийлері  ашықтық, оларды жедел көрсету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  барынша азайту болып табылады.

Гүлмира САҒАДИЕВА,
Ақмола облыстық әділет департаменті
басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар