Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа оқу жылына дайындық бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа оқу жылына дайындық бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі

Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Балташева мен Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа оқу жылына дайындық мәселелері туралы сөз алып, БАҚ өкілдерінің осыған қатысты сауалдарына жауап берді.

Биыл білім күніне арналған дәстүрлі жиын 1 қыркүйекте өтеді, оқушылардың демалыс мерзімдері өткен жылдағыдай қалады. Жаңа оқу жылында облыстың 528 мектебіне 140 мыңнан астам оқушы келеді, оның ішінде 13 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары.

– Қазіргі уақытта облысымыздың білім беру ұйымдарында 22 мыңнан аса педагог еңбек етуде. Жыл сайын өңірдің білім ошақтарына жаңадан 700-ге жуық педагог келеді, олардың 450-і жас маман. Қазіргі уақытта 190-нан аса педагог жетіспейді. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін бұл мәселе толық шешілетін болады. Мектептерді жаңарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2024 жылы 104 білім беру объектісіне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге бюджеттен 12,2 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 61 білім беру объектісін күрделі жөндеу үшін 11,5 миллиард теңге бөлінді. 667,2 миллион теңгенің ағымдағы жөндеуімен 43 ұйым қамтылды. Өңірдегі білім беру ошақтарының 500-ден аса нысанындағы бейнебақылау жүйелері полиция бөлімдеріне қосылған. 541 ұйымда дабыл түймелері бар. Биыл цифрландыру басқармасы 4 мың камераны ауыстыруды жоспарланып отыр, – деді өз сөзінде Айнагүл Балташева.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 9153 бала облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында тегін тамақтанады, осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Биылғы жылы 1706 орындық 6 балабақша құрылысы жалғасуда және жыл аяғына дейін 2 балабақшаның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

–Мемлекеттік бақылау шараларымен 197 білім беру ұйымы қамтылды. Мемлекеттік аттестаттау жоспарланған 273 білім беру ұйымының 148-інде өткізілді. Облыстың 5 балабақшасы мен 38 мектебі бірінші рет аттестатталды. Заң бұзушылықтарды жоюды ескере отырып, қайта аттестаттау кезінде 5 балабақша, 59 мектеп аттестатталды. Қалған ұйымдардың мерзімі әлі келген жоқ.

2023-2024 оқу жылының басында облыста 5 мектеп ашылды. Жаңа оқу жылына сапалы дайындалу мақсатында департамент облыстың білім беру ұйымдарына кешенді мониторинг өткізуде. Ағымдағы жылы облыстың 42 мектебінде күрделі жөндеу жүргізілуде, бұл жұмыстар кестеге сәйкес өтіп жатыр. Оқулықтардың қамтамасыз етілуі мен жеткізілуіне де мониторинг бар. Осы жылы сатып алынған оқулықтарды жеткізушілер оны аталған шарттарға сәйкес қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта қолда бар оқулықтар оқушыларға таратылуда, – деді Орал Қаппасов.

1 тамыздан бастап өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясына облыс және аудан әкімдіктері, мемлекеттік құрылымдар белсенді қатысып, көмек көрсетуде. Республикалық акцияны өткізуге облыстың бизнес-құрылымдары да қатысуда. Мысалы, «Ақниет» жеке қайырымдылық қоры балаларға жалпы сомасы 12 миллион теңгеге кеңсе тауарлары бар 1199 мектеп рюкзактарын сатып әперді.

Акцияның 10 күнінде облыстың аудандары мен қалаларында 249 рейдтік іс-шара өткізілді, оған жұртшылық, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінен 112 адам қатысты. Акция аясында 175 қолайсыз отбасы, 34 ойын-сауық мекемесі, 4 компьютерлік клуб, 14 саяжай шаруашылығы, 13 базар, 9 теміржол вокзал тексерілді. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 63 кәмелетке толмағандардың 60-ы қолайсыз отбасылардан шыққандығы анықталды. Қазіргі таңда облыс бойынша материалдық көмек алғандардың жалпы саны 19 мыңнан асты, көрсетілген материалдық көмек 810,5 миллион теңгені құрады.

Сонымен қатар, облыс аумағында 2 апатты мектеп бар. Оның бірі Біржан сал ауданы, Бұланды ауылындағы білім ошағы. Мұнда 80 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Ол үстіміздегі жылдың қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Екінші апатты мектеп Жарқайың ауданы Бірсуат ауылында. Бұл ауылда да 80 орындық мектеп құрылысы басталған. Қорыта айтқанда, Ақмола өңірінің жаңа оқу жылына дайындығы жаман емес сияқты. Қос ведомство басшыларының сөздері соны растайды.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар