Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова – халқымыздың мақтанышы әрі ерліктің үлгісі.
Оның Ұлы Отан соғысы жылдарында қан майданда көрсеткен батырлығы мен жанқиярлығы тарихымызда мәңгілікке қалатын өнеге.Батыр қызымыздың есімі әрқашан біздің жүрегімізде сақталады.
Аға ұрпақ ерлігінің жарқын үлгісі боларлық бұл ескерткіш ұрпағыныңата-бабаларына, өткеніне деген құрметінің белгісі.Стелланың ашылу рәсімі алдымыздағы Конституция күні мерекесіне және Мәншүк Мәметова ауылының 70 жылдық мерейтойына арналды. Салтанатты шараға аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, тұрғындар қатысты. Жобаны жүзеге асыруға төртдеңгейлі бюджет есебінен, яғни, халықтың салығынан түскен 8 миллион теңге жұмсалған.
Құрылыс жұмысы маусым айында басталып, тамыз айының басында аяқталды.Граниттен жасалған ескерткішке Мәншүк Мәметованың есімі мен өмірбаяны және Жеңіс күнін жақындатуға қосқан үлесі қашап жазылған. Ескерткіштің айналасы жасыл желекпен көмкеріліп, демалыс аймағына айналған. Сондай-ақ, еңселі ескерткіш Мәншүк Мәметованың есімін ел есінде қалдыруды және өскелең ұрпаққа ерлігін өнеге етуді көздейді. Аудан әкімшілігінің мәліметінше, болашақта бұл жерде түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі.
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Целиноград ауданы.