Қоқыстан арылмай жайлылық жоқ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордамен іргелес ауданда рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша баспасөз-туры болып өтті.

Бұл іс-шараны Ақмола облыстық экология департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Қараөткел ауылдық округі, Қаражар ауылындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мақсатында ұйымдастырды. Шараға аумақты тазарту және ондаған тонна жиналған қалдықтарды кәдеге жарату барысын қадағалау тұрғысында БАҚ өкілдері бас қатысты.

Департамент мамандары журналистердің рұқсат етілмеген полигондардың ағымдағы жағдайы туралы сұрақтарына жауап берді. Баспасөз турына қатысушылар полигонды жою кезеңдерімен танысып, орындалған жұмысқа баға берді.

Ағымдағы жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» акционерлік қоғамы суреттерінің негізінде аудан бойынша 90 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған болатын. Қазіргі уақытта аудандық әкімдік оларды жою жұмыстарын жүргізуде.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар