Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егін жинау науқанына дайындық мәселелері қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Егін жинау науқанына дайындық мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасының ПремьерМинистрі Олжас Бектенов егін жинау науқанына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика вице-министрлері, сондай-ақ, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері тыңдалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 580 миллиард теңге көлемінде рекордтық қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома 5 есеге ұлғайтылды.  Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын кеңейту шаруаларға егіс науқанын сәтті өткізуге мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жаппай егін жинау жұмыстары тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98 пайызды құрайды. Барлығы 149 мыңнан астам трактор, 38 мың астық жинайтын комбайн және 14 мың дестелегіш тартылатын болады.

Үкімет басшысы вице-премьер Серік Жұманғариннің басшылығымен тиісті министрліктер, әкімдіктер мен шаруалар арасындағы жұмысты үйлестіру мен бақылау үшін егін жинау науқанын өткізу жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.

– Егінді сапалы жинап алу және сақтау еліміз үшін ерекше маңызға ие. Туындайтын барлық мәселені күнделікті пысықтау қажет. Бұл тек министрліктерге ғана емес, әкімдіктер мен фермерлердің өздеріне де қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егін жинау жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Дәнді дақылдарды сақтаудың тиісті жағдайын қамтамасыз ету де маңызды, –  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Шаруаларға күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 64 мың тоннадан астам жеңілдігі бар дизель отыны жөнелтілді. Бекітілген кестеге сәйкес, өңірлерге барлығы нарық бағасынан төмен деңгейде тіркелген баға бойынша шамамен 355 мың тонна дизель отыны жеткізілетін болады. Дизель отынын жеткізуді бақылау және ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Олжас Бектенов мәселені тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді, қажеттілік туындаған жағдайда шаруаларға астықты кептіруге дизель отынының қосымша көлемі бөлінеді.

Республикада астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30 миллион тоннаны құрайды, бұл болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті. Сонымен қатар, жекелеген астық қоймаларының жүктемесі әлі күнге жоғары болып отыр.

Премьер-Министр элеваторларды өткен жылғы егін қалдықтарынан 10 қыркүйекке дейін босатуды тапсырды. Облыстардың әкімдіктері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, элеваторлар қызметі бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуі тиіс.

Өндірілген АӨК өнімдерін, оның ішінде негізгі экспорт нарықтарында өткізуді қамтамасыз етудің маңызы атап өтілді. Сауда және интеграция министрлігі Қытай, Таяу Шығыс, Африка және басқа да елдердегі серіктестермен осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет.

 Қазақстандағы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданы 23,3 миллион гектарды құрайды, оның ішінде дәнді дақылдардың ауданы 6,7 миллион гектар. Егіс алқаптарының құрылымына сәйкес барлық өңірде егін жинау жұмысы басталды.

Бүгінгі таңда 928,2 мың гектар дәнді және бұршақты дақылдар немесе барлық егіннің 5,5 пайызы жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 19,3 центнерден айналып, 1,8 миллион тонна астық бастырылды. Сондай-ақ, 418,2 мың тонна картоп және 940,3 мың тонна көкөніс жиналды.

primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар