Жарты жылдың көрсеткіштерінен көп жағдай көзге көрінеді

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстықэкономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Құрманқожиннің қатысуымен облысымыздың өткен жарты жылдағы жұмыс қорытындылары туралы брифинг болып өтті.

– Жалпы, облысымызда есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша оң динамика байқалады.Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының табысы бір триллионтеңгеніқұрады. Ағымдағы жылы облыс экономикасына 244 миллиард теңге инвестиция тартылды. Оның 63 пайызы немесе 152,6 миллиарды жеке инвестициялар. Өткен жеті айда 276,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, соның арқасында 2,5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Экономиканың барлық салаларында 16382 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 12 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары.Облыстық бюджет көлемі 688,2 миллиардтеңге болса, 1 шілдедегі жағдай бойынша 301,3 миллиард теңге немесе есепті кезең жоспарының 98,5 пайызы игерілді, – деді өз сөзінде Әсет Асылбекұлы.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта жергілікті бюджет шығыстары оңтайландырылған. Талдау арқылы мәдениет, спорт, туризм, ішкі саясат және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында қаражатшамамен 4 миллиард теңгеге қысқартылған. Бұл жылу беру маусымынадайындыққа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуды қоса қаржыландыруға, облыстағы су тасқыны жағдайының салдарын жоюға, білім беру мекемелерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында денсаулық сақтау нысандарына, жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау үшін әлеуметтік салаға жұмсалған қаражат 355,4 миллиард теңгені  немесе облыс бюджетінің 51,6 пайызын құраған. Өңірде 2020 жылдан бастап бюджет кірістерін арттыру мақсатында мемлекеттік кірістерді ұлғайту жоспары жүзеге асырылып, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда ол 1,6 миллиард теңгегеартып, 3,6 миллиард теңгеге жеткен.Жоспардың негізгі бағыты экономиканың нақты секторындағы орташа айлық жалақыны ұлғайту болып табылады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл саладағы резервтер көлемі 1,1 миллиард теңгеге өскен.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел игілігінің берік іргетасы» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздікті азайтудың маңыздылығын атап өтті. Ауылдық жерлерде экономиканың нүктелері болып табылатын болашағы зор ауылдарға баса назар аударылады. Жыл сайын халық санына, тұрғындардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ауылдың даму әлеуеті айқындалады. Аймақ бойынша 385 мың адам немесе ауыл тұрғындарының 87,5 пайызы тұратын 294 перспективалы ауылдық елді мекен бар. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру басталды. Жоба даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асырудың өткен бес жылында  42,5 миллиард теңге бөлінді, сөйтіп,  323 жоба жүзеге асырылды. Бұл 120 ауылдың 230 мың тұрғынының жағдайын жақсартуға және аймақтық стандарттармен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік берді,– дей келе Әсет Құрманқожин нәтижелі жобаларды атап өтті.

Сонымен бірге, олауылдық елді мекендерге білікті мамандарды тарту арқылы ондағы кадрлық әлеуетті жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен –ауылға!» жобасы туралы да айта кетті.  Бүгінде бұл жобаға қатысушылар үшін 100 АЕК мөлшерінде көтермелеу жәрдемақысы түрінде және облыс орталықтарында 2,5 мың АЕК немесе 9,2 миллион теңге бюджеттік несие түріндемемлекеттік қолдаукөрсетіледі. Бұл шараларды жүзеге асыру осы мақсатта белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берген. Ашып айтсақ, жобаны іске асырудың барлық кезеңінде 3596 маманға тұрғын үй сатып алуға 11,9 миллиард теңге және 7287 маманға жәрдемақы төлеуге 1,2 миллиард теңге берілді. Қазіргі таңда бұл мамандар өңірдің кадрлық резервін қамтамасыз етіп отыр.

Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланған брифинг осылайша біраз цифрлар мен деректерді қаузап, өсіп-өркендеу жолымыздағы оң қадамдарды көз алдымызға әкелгендей болды. Осы бағыттағы дәйекті істер алда да жалғаса берсін дейміз.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар