Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов Көкшетау халықаралық әуежайы базасында оқу-жаттығу ұшуларын орындау мүмкіндігін қарастырды.
Көкшетау әуежайы болашақ авиаторларды даярлау алаңына айналуға дайын.
Өңір басшысы облыста саланы нығайту үшін авиациялық бағытты қолдауға және дамытуға мүдделілік білдірді.
Сонымен қатар, облыс орталығында жас авиаторлар мектебін құру ұсынылды, ол жастарды ерте кезінен осы мамандыққа тартуға және даярлауға мүмкіндік береді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.