Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастардан өңірлік кадр резервіне үміткерлер іріктелді - АРҚА АЖАРЫ

Жастардан өңірлік кадр резервіне үміткерлер іріктелді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен өңірлік кадр резервіне іріктеу жобасына арналған жиын болып өтті.

Биыл алғаш рет өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілуде. Бұл жоба өңірімізді дамытуға қатысып жүрген талантты және белсенді жастар арасынан бастамашыл лайықты көшбасшылар, жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған. Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау кезеңінде өңірлік кадр резервіне онлайн-портал арқылы 389 адам тіркелген. Оның ішінде 283 қатысушы толық құжаттарымен қоса, өтініштерін жолдады. Құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 263 үміткер іріктеудің келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуге жіберілді. Тестілеу қорытындысы бойынша келесі кезеңге 115 адам өтті. Бұдан әрі жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша 53 үміткер іріктелді. Құзыреттерді бағалау қорытындысында соңғы кезең – Өңірлік кадр комиссиясындағы сұхбатқа 38 адам таңдап алынды.

Міне, осы кандидаттар кадр комиссиясында құрылымдалған сұхбатқа қатысып, таңдаған салалық бағыттарына сәйкес өз жобаларын қорғады. Іс-шараға қатысқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өз сөзінде, жобаны қорғау барысында үміткерлерге ұсынылған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдері мен осы реттегі ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашып көрсетті.

Комиссия үміткерлерді талдау қабілеті, білім тереңдігі, қарым-қатынас дағдылары сияқты критерийлерге сәйкес бағалады. Сонымен қатар, іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін сұхбатқа қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылды.

Ақмола облысының өңірлік кадр резервіне қабылданған адамдардың тізімі ағымдағы жылдың 26 тамызынан кешіктірілмей, Ақмола облыстық әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, Өңірлік кадр резервіне алынған адамдар жергілікті атқарушы органдарда сайланатын лауазымдарды қоспағанда, екі жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Өңір жастары арасынан Өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеу 6 салалық бағыт бойынша жүзеге асырылды. Олар индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешені және жер қатынастары, цифрландыру бағыттары.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар