Жарты жылдың жұмыс қорытындысы баяндалды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш мекеменің бірінші жарты жылдық жұмыс қорытындысын шығарып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Әділет органдары заң нормалары, құқықтық насихат, нотариат, адвокатура, заң кеңесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, атқарушылық іс жүргізу, тіркеу қызметтері саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Мекеменің негізгі міндеттерінің бірі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу болып табылады. Ал, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты.

–2024 жылдың бірінші жартыжылдығында әділет департаментіне жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан 516 жоба түсті. Сонымен қатар, нотариат қызметін пайдалануды ыңғайлы ету шараларын қабылдадық. Қазірцифрлық технологиялар жылжымайтын мүлікпен операцияларды басқа қалаға бармай-ақ аяқтауға мүмкіндік береді.«Цифрлық нотариат» жобасы іске қосылды, бұл қызмет нотариат куәландырған сенімхаттардың барлық түрлерін онлайн форматта тіркеу рәсімдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді өз сөзінде Баукен Әлмеш.

Әділет департаменті көктемгі су тасқыны кезінде ауқымды жұмыс атқарды. Зардап шеккен азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен, облыстық мәслихаттың депутаттарымен, «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп, Сандықтау, Атбасар, Есіл, Астрахан және Бұланды аудандарында құқықтық көмек көрсетілді.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында департаментке тауар таңбаларын заңсыз пайдалануға қатысты 6 шағым түсті. Осының негізінде «Узбечка», «Милавица», «СтарЛайн» сияқты шағын және орта бизнес субъектілеріне жоспардан тыс 4 тексеру жүргізіліп, материалдары сотқа жолданды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Ақмола облысының сот орындаушылары азаматтардан алимент өндіру бойынша 13730 атқарушылық істі орындаған. Жеке сот орындаушылары тұрақты төлемеушілерден алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізгенде борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады. Жалпы, облыс жеке сот орындаушыларының борышкерлермен бұл бағыттағы жұмысы Ақмола облысы әділет департаментінің ерекше бақылауында.

Аймақта 349 адвокат тұрғындарға заң көмегін көрсетуде. Алты айда 6 мыңға жуық азаматқа осындай көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, облыс бойынша мемлекеттік 10, жекеменшік 83 сот орындаушысы жұмыс істейді.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар