Жаз жаңбырлы, шөп шығымды

Шөп жинау – ауыл тұрғындарының өміріндегі маңызды кезең, ауыл тіршілігінің ажырамас бөлігі. Биылғы жауын-шашынның көп болуы мал азығының молдығына әкелетіні сөзсіз.

Алайда, жиі жауған жауынның әсерінен шөп дайындауға кедергі болып жататыны да жасырын емес. Соған қарамастан, ауданда шөптің бір жылдық қоры дайындалды.  Нақтырақ айтсақ, 103 мың гектар алқап шабылды, оның ішінде 33 мың гектар табиғи шабындық, 22 мың гектар көп жылдық және 16 мың гектар бір жылдық шөптер мен 32 мың гектар алқаптағы сулы шабындықтар бар.

Ағымдағы жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша 80,1 тонна пішен дайындалды немесе жоспардың 100,1 пайыз орындалуы қамтамасыз етілді. Бұл өңірдің жемшөпке деген жылдық қажеттілігіне сәйкес келеді. Бұған қоса, 9,4 мың тонна пішендеме дайындалғаны да көңіл қуантады.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар