Лудомания – ақша салатын құмар ойынға тәуелділік, соның ішінде компьютерлік ойындарға да небір ауыр жағдайларға әкеліп соғатын тәуелділіктің кең таралған түрі.
Ойыншы қоршаған факторларға және өмірде болып жатқан оқиғаларға қарамастан, үнемі солойындарға қатысқысы келеді де тұрады. Құмар ойындарға деген қажеттілік арта түсетін бұл зиянды ауру қазіргі қоғамда жиі кездесетін дағдыға және қоғамның әртүрлі салаларына барынша кері әсер ететін нақты бас ауруына айналуда.
Қазақстанда лудомания әдеттер мен құмарлықтардың бұзылуы деп танылды, алайда, осындай диагноз қою азаматтар медициналық ұйымдарға жүгінген кезде ғана жүзеге асырылады, ал, ойынға тәуелділікті емдеу күрделі және ұзақ процесс болып табылады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, біздің елде лудомандардың саны 350 мың адамға жетті. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділік жағдайларының көбеюі байқалды.Сондықтан, 2022 жылы прокуратура ойын мекемелерін тексерген кезде осы ойындарды ойнайтын 300-ге жуық мемлекеттік қызметші анықталды, олар құмар ойындарға 500 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Құмар ойындарын ойнайтын мемлекеттік қызметшілер жеке проблемаларға тап болады. Олар –өздері мен отбасылары үшін психологиялық және қаржылық зардаптар, олардың жұмысы үшін де ауыр зардаптар және мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық қауіпі.
Осы патологиялық бейімділіктің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында алдын алу және оңалту шараларын жүргізу қажет. Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты негізде өткізетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы лудоманияның тәуекелдері мен салдары туралы семинарлар, осы жұмысқа белсенді азаматтық ұстанымы бар жұртшылықты тарта отырып, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге жүргізілетін мониторинг, консультациялық көмек пен терапия, тәуелділікпен күрес,мұның бәрі саябырсымауы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарының бірі – «қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тарту» екендігі атап көрсетілген.
Айгүл ОСПАНОВА,
Ақмола облысы бойынша медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитеті
департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл.