Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің әрбір азаматының құқықтары мен бостандығының, қоғамның тұрақтылығы мен демократиялық дамуының негізі. 2022 жылы республикалық референдумда елдің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер оның демократиялық негізін күшейтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өткеніндей, «Конституция біздің мемлекеттілігіміздің берік тірегі болып табылады, ол қоғамдық және саяси құрылымды, тұрақты құндылықтарды және ел дамуының стратегиялық векторын айқындайды».
Бүгінде еліміз өз тарихының жаңа кезеңіне қадам басуда. Елімізде реформалар жылдам және табысты жүргізілуде, қоғамды демократияландырудың тұрақты процесі жалғасын тауып, әлеуметтік саладағы заңнама жетілдірілуде, экономикалық даму үшін жағдайлар жақсаруда. Конституция нормаларын қатаң сақтау – бұл мемлекеттің табысты дамуының, қазіргі заманның жаңа сын-тегеуріндеріне жауаптардың тиімділігінің, қоғамдағы азаматтық келісімнің, жаңа Қазақстанның құндылықтарына қол жеткізудің негізі.
Құрметті жерлестер!
Осы тамаша мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбсыларыңызға амандық, бақыт пен өркендеу тілеймін! Біздің егемен еліміз өсіп, дами берсін!
***
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Депутаттық корпус атынан Сіздерді еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Жалпыұлттық референдум барысында халқымыздың тікелей ерік-жігері арқылы қабылданған елдің Негізгі Заңы адамның іргелі құқықтарын жариялап, мемлекетіміздің негізгі құндылықтарын бекітті.
Конституция – елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы. Конституцияның негізгі ережелеріне сүйене отырып, бүгін біз Жаңа, Әділетті Қазақстан құрып жатырмыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткеніндей, Әділетті Қазақстанды, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті құру үшін конституциялық қағидаттар мүлтіксіз сақталып қана қоймай, қоғамдық сананың ажырамас бөлігі болуы қажет. Бүгінгі таңда еліміздің өркендеуі үшін біз өз еңбегімізбен және қоғам өміріне белсенді қатысуымызбен қазақстандықтардың көптеген ұрпақтары ат салысқанқұндылықтарды сақтап қалуымыз керек.
Қымбатты ақмолалықтар! Осы мереке күні баршаңызға бақыт, бейбітшілік, жақсылық пен өркендеу, еңбекте жетістіктер және тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін! Әр отбасында амандық болып, ертеңгі күнге деген сенімділік орнасын, ал жаңа жетістіктерге ұмтылу бізді үлкен жетістіктерге жетелесін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.