Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті оқушылар мен студенттер! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл жарқын да қуанышты күнді бәріміз өмірдің жаңа кезеңінің басталуымен, таңғажайып мүмкіндіктерге, шығармашылық жеңістерге, ғылыми жетістіктерге толы білім әлемінің ашылуымен байланыстырамыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Елімізде барлық жастағы адамдарға арналған білім беру бағдарламалары белсенді түрде жаңартылуда, білім беру үдерісіне заманауи нысандар мен инновациялық әдістер енгізілуде. Барлық қайта құрулардың мақсаты бір, балаларымызды жарасымды, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын етіп өсіру, еңбекке деген сүйіспеншілік пен құрметті ояту, бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеу.

Бүгін мен біздің ұстаздарымызға өздерінің сүйікті ісіне жанқиярлықпен берілгендіктері, балаларымызға деген шынайы сүйіспеншіліктері үшін, оқушылардың жаңаша білім алудағы және шығармашылық ізденістерін көрсетудегі баға жетпес еңбектері үшін алғыс айтқым келеді! Осы жарқын мерекеде баршаңызға кәсіби өсу, дарынды және алғысты шәкірттер, денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметті балалар!

Оқу жылдары – адамзаттың барлық жинақталған даналығымен, жаңалықтары және жетістіктерімен танысудың тамаша уақыты. Сіздердің алдарыңызда бүкіл әлемнің есігі ашық болатын уақыт. Бүгінгі таңда білім – өмірде табысты болудың негізі екенін ұмытпаңыздар. Шыңдалыңыздар, алға ұмтылып, жаңаны біліңіздер! Биылғы оқу жылы сіздер үшін тың белестерді бағындырудың бастамасы болсын!

***

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, құрметті оқушылар!  

Сіздерді Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы атынан Жаңа оқу жылының басталуы – Білім күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке әрқайсымыз үшін қымбат. Бұл күні кешегі бүлдіршіндер бірінші сыныпқа барады, талапкерлер студенттерге айналады, олардың алдынан таңғажайып мүмкіндіктерге және білімдерін үздіксіз жетілдіруге, шығармашылық жеңістер мен ғылыми жетістіктерге толы жаңа әлем ашылады.

Дәл бүгінгі таңдағы білім – табысты мансап пен бақуатты өмірдің берік іргетасы. Елімізде мемлекеттік қолдаудың арқасында сапалы әрі қолжетімді білім алуға барлық жағдай жасалуда. Жыл сайын саланы қаржыландыру ұлғайып, білім берудің материалдық-техникалық базасы жақсарып, оқытудың заманауи технологиялары енгізілуде.

Құрметті ұстаздар! Сіздердің өз еңбек жолдарыңыздағы  адалдықтарыңызға, кәсіби шеберліктеріңізге, ұстаздық таланттарыңыз бен оқыту әдістемелеріңізге алғысымды білдіремін.

Жаңа оқу жылында ұстаздарымызға жаңашылдық, шығармашылық табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Оқушылар мен студенттер табандылық, еңбексүйгіштік, өз-өзіне сенімділікпен жаңа білім шыңдарын бағындыра берсін демекпін!

Баршаңызға мереке құтты болсын! Іске сәт!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар