Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектеп жақсыға үйрететін орта, ол ортаның жүрегі – мұғалім - АРҚА АЖАРЫ

Мектеп жақсыға үйрететін орта, ол ортаның жүрегі – мұғалім

Міне, бір күн болмай, оқушылардың жазғы каникулынан кейін 1 қыркүйек – кезекті Білім күні де таяп қалды. Осы ретте, бүгінгі білім үрдісі жөнінде ой бөлісудің еш артықтығы жоқ қой деп ойлаймыз.

Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі. Біз таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек. Себебі, бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет. Бұл тәсілдің аясында көшбасшы – мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, ұстаздың жұмыс тәжірибесі жетілдіріледі. Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.

Мектеп – жақсыға үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, шәкірт жүрегіне жолтаба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өзкәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, жұмыс істеп жүрген мектебін шексізсүйетін адам болуы тиіс. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктілігі арқылықалыптасып, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге  қойылатын талаптар, оның бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби және әдістемелік жұмыстағы шеберлігін көздеуі керек. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі – қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік, коммуникативтілік, ақпараттық және тағыбасқа жоғары деңгеймен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық тұрғыда жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы қажет.

Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары алдымен, іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алу, өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен оң шешімдер қабылдау, бірігіп жұмыс істеуде осы саладағы жетістіктерге арқа сүйеу мен оны іс жүзінде жинауға және қолданудан тұрады. Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды. Егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады. Сол себепті, әріптестерді қызықтырып,  оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет. Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Сабақ қызықты өтсе, оқушының сол пәнге қызығушылығы артып қоймай, мұғалімнің жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.

Қазіргі сабақтардың бастыерекшелігі, бірлесе жұмыс істеу ахуалын орнату, оқушыларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру болып табылады. Сондықтан да, ұстаз күш-жігерін оқушыларды өздігінен білім алуына, танымдық әрекеттерін өздігінен ұштауға үйретуге жұмсауы керек. Оқыту сияқты көшбасшылықта адамды тұрақтыдамуға жетелейтін негізгі қабілет жатыр. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сезінеміз. Бірақ, тәжірибе көрсеткеніндей, жоғары лауазымсызда жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, басқаларға әсер етуге болады. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан, техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлудеміз. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы түрде меңгеруге ықпалетеді. Мұғалім сабақта әдіс-тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушы еңбегінің жекедара және ұжымдық түрі болып саналады.

Ұстаздардың жетекші топтардағы және желілік қоғамдастық шеңберіндегі өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуүшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге, басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және әрі қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы, адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады, білім беру адамдардың әр нені зерделеп үйренуіне қажетті көмектердің жиынтығы, жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Менің түсінігімде мұғалім өз жұмысында көшбасшы болу үшін оқуүдерісін тиімді жоспарлап, жаңа формация мұғаліміне айналуы керек. Бүгінгі өскелең заман талаптары да бізден осыны талап етіп отыр.

Дархан ҚАСЫМОВ,
Зеренді ауылдық №1 жалпы орта білім беретін мектебі
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар