Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміз бен дамуымыздың негізі - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміз бен дамуымыздың негізі

Біздің ел тәуелсіздігінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясында айқын көрініс тапқан. Еліміздің егемендігі мен мемлекеттік тұрақтылығының басты тірегі болып табылатын ең негізгі құқықтық құжат , ол  Ата Заңымыз.

Бұл мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі және Қазақстанның саяси, әлеуметтік және құқықтық жүйесінің дамуына зор ықпал еткен күн болып саналады. Конституцияның тарихы және оның маңызы Қазақстан тәуелсіздік алып, елдің жаңа кезеңге қадам басуынан басталады. Жаңа мемлекеттік құрылым елімізде жаңа заңнамалық жүйені қалыптастыру қажеттілігін де туғызды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Алайда, жаңа мемлекеттің қалыптасуы үшін құқықтық негіздің болуы аса қажет алғышарттардың бірі еді. Бұл негізді қамтамасыз ететін құжат – Конституция, яғни, еліміздің Ата Заңы болатын.

Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Ол елдің тәуелсіздігін жариялап, жаңа мемлекеттің негізгі принциптерін анықтағанымен, тәжірибе көрсеткеніндей, елдің барлық заңнамалық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Сондықтан, 1995 жылы жаңа Конституция жобасы әзірленіп, ол 30 тамыз күні республикалық референдумда қабылданды.

Бұл Конституция Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын айқындайтын негізгі құқықтық акт болып табылады. Ол елдегі демократиялық институттардың жұмыс істеуінің негізін қалаушы болып саналады және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.

Конституцияның негізгі ережелеріне келсек, Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің құқықтық жүйесінің негізі ретінде бірнеше басты қағидаттарға сүйенеді. Бірінші, мемлекеттік егемендік. Конституция Қазақстанның тәуелсіздігін бекітіп, оның аумақтық тұтастығын, мемлекеттілігін және басқа да негізгі атрибуттарын анықтағанын айта кеткен жөн.  Екінші, биліктің бөлінуі. Конституция Қазақстанда биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінетінін бекітті. Бұл жүйе билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Және үшінші, азаматтық құқықтар мен бостандықтар. Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен  бостандықтарын қамтамасыз етті.

Тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданғалы, оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін білеміз. Олар қоғамның даму сатысына орай қажеттіліктерге байланысты өзгеріп отырды.

1998 жылғы өзгерістер Президенттік мерзімді қысқарту және Парламенттің рөлін арттыру бағытында жасалған болса, 2007 жылғы конституциялық реформа Президенттік-парламенттік жүйеге көшу және Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттіктерін кеңейтуді қарастырған.

2017 жылғы конституциялық реформа Президенттің бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беру арқылы билік бөлінісін нығайтты.

Ал, 2022 жылғы өзгерістер Жаңа конституциялық түзетулер, соның ішінде президенттік мерзімді шектеу және басқа да маңызды реформалар туралы талқылаулар болды. Сөйтіп, осыдан екі жыл бұрын 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойып, нәтижесінде ел бұл жаңашылдықты қолдап шықты.

Республикалық референдум арқылы іске асырылып, ел халқы ұйымшылдықпен қолдаған Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылды. Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың барлығы өзара байланысты және бір мақсатты көздеді. Халыққа түсінікті болу үшін бұл түзетулер Ата Заңның нақты баптары мен тармақтары арқылы көрсетілген бірнеше бөлікке бөлінген.

Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту үшін негізгі Заңда жер және жер қойнауын, су көздерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені жайындағы норма нақты және кесімді түрде бекітілген. Осылайша, конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырды. Және саяси үдерістерді шын мәнінде демократияландыру жолына салды деп толық сеніммен айта аламыз.

Осындай конституциялық реформалар аясында прокуратура органдары да айтарлықтай маңызды статусқа ие болып, прокуратура туралы жаңа Конституциялық заң қабылданды.

Бұл, әрине, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде және қорғауда прокуратураға жүктелген маңызды әрі мәртебелі миссия екені іс жүзінде сан мәрте дәлелдене түсті.

Өткен кезеңде Ақмола облысының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда айтарлықтай жұмыстар атқарды.

Тек осы жылдың өзінде ғана 2 мыңнан астам азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау үшін прокурорлық актілер енгізілді.

Осынау қоғам үшін аса маңызды Ата Заңымыздың мәртебелі мерекесі күні барша қазақстандықтарды шын жүректен Конституция күнімен құттықтай отырып, еліміздің бұдан әрі өркендеуін және құқықтық институттардың одан әрі дамуын тілеймін!

Руфат ҚҰТТЫҚОВ,
Ақмола облысының прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар