Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айбыны асқақ Ата Заң - АРҚА АЖАРЫ

Айбыны асқақ Ата Заң

Ата Заңда биліктің қайнар көзі халық екені айтылған. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу орайында  өткізілген  республикалық референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор оқиғаға айналды.

Көкшетау орталық қалалық үлгілі кітапханасы 5510 әскери бөлімімен бірлесіп, Конституция күніне байланысты, «Заңды білу – заман талабы» атты іс-шара өткізді. Ол бейнежурнал түрінде өтті.  Іс-шара Әнұранмен басталып, Ата Заңның әр қазақстандықтың  өміріндегі маңызы, атқаратын қызметі туралы сөз қозғалып, түсінік берілді.

Кеш барысында Ата Заңға байланысты көрме ұйымдастырылды. Бейне-ролик, слайд көрсетіліп, «Отаным десем ойыма…» деген сұрақтың төңірегінде сарбаздар өз ойларымен бөлісті.

Ел Конституциясының құқықтық құндылығы жоғары деңгейде. Олай болса, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жалғасы іспетті Ата Заңымыздың айбыны арта берсін!

Эльмира ЫҚЫЛАСОВА,
Көкшетау орталық қалалық үлгілі кітапханасының  кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар