Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жайлы мектептер оқушылар үшін жайлы болады - АРҚА АЖАРЫ

Жайлы мектептер оқушылар үшін жайлы болады

Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Нияз Байғожин мен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысындағы жаңа мектептердің құрылысы туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің осы тұрғыдағы сауалдарына жауап берді.

Жаңа оқу жылына санаулы ғана күн қалды. Қазір білім ошақтары балаларды мектепке қабылдаудың соңғы дайындығын пысықтауда. Облыс бойынша 528 мектеп бар. 13 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Мектептердегі орын тапшылығын мейлінше азайту басым бағыттың бірі. Биыл облыс аумағында 15 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Оның 9-ы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Олар 12 мыңнан астам орынға шақталған. 1 қыркүйекте Целиноград ауданы бойынша 4 нысанның құрылысы толығымен аяқталып, оқушыларды қабылдамақ.

–Талапкер ауылындағы 2 мектеп пен Қараөткел және Ақмол ауылдарында салынып жатқан білім ошақтарының ғимараты пайдалануға беруге дайын. Тек аздап ішкі әрлеу жұмыстары қалды. Қажетті жабдықтардың бәрі сатып алынды. Қазір оларды құру жұмыстары жүріп жатыр. 1 мыңнан астам адам екі ауысымда тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, – деді өз сөзінде Нияз Байғожин.

Облыстық білім басқармасы бұл мектептерде білім беруді ұйымдастыруға қатысты іс-шаралар жоспарын бекіткен көрінеді. Қазіргі таңда осыған сәйкес қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

–Ата-аналардан балаларын басқа мектептерден осы жаңа мектептерге ауыстыруға қатысты өтініштер қабылданып жатыр.Алдын ала мәліметке сәйкес осы 4 білім ошағында 4410 оқушы оқиды. Қазірдің өзінде олардың заңды өкілдерінен 4 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бір сөзбен айтқанда оқу жылы басталғанға дейін жоспарланған шараның бәрі бекітілген мерзімде аяқталады, – деді бұл ретте, Валерий Гамазов.

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша екінші тоқсанда Целиноград ауданына қарасты Қаражар, Қабанбай батыр және Қоянды ауылдарында 3 мектеп пайдалануға берілмекші. Ал, желтоқсан айында Көкшетау қаласында да 2 мектептің құрылысы аяқталады деген жоспар бар. Тағы 6 мектеп облыстық білім басқармасының тапсырысы бойынша бой көтеріп жатыр. Жыл соңына дейін Целиноград ауданына қарасты Жаңажол, Степногорск қаласына қарайтын Бестөбе кенті, Біржан сал ауданындағы Бұланды ауылы, Сандықтау ауданының Петровка елдімекендерінде құрылысы басталған осы білім ошақтары іске қосылады. Келер жылы облыс аумағында 10 мыңнан астам оқушылық орынға арналған тағы 9 мектептің құрылысын бастау жоспарланған.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар