Жуырдаөңірлік коммуникациялар қызметінде мекеменің бірінші жарты жылдықтағы жұмыс қорытындылары туралы Ақмола облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бахыдбек Оспанбековтың брифингі болып өтті.
2024 жылдың алты айында басқарма жоспардан тыс 58тексеру жүргізіп, анықталған заң бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы41 нұсқама берген. Бұл ретте, жобаға және құрылыс сапасына сәйкес келмегені үшін 12мердігер ұйым және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын екітұлға жауапкершілікке тартылған. Жобалық немесе рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін 28құрылыс субъектісі жауапкершілік арқалаған. 22 әкімшілік іс сот қарауына жіберілген. Жалпы, биылғы жылдың есепті кезеңінде басқарма 23 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салған.
– Мемлекеттік тапсырыс объектілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын тексеруде елеулі заң бұзушылықтар анықталды. Мысалы, Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы бойынша«Таир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты тексеру жүргізілді.Тексеру барысында құрылыс саласындағы бекітілген жобалық шешімдерден және мемлекеттік нормативтерден ауытқулар, атап айтқанда,бағаналардың, арматуралар арасындағы арақашықтықтардың сәйкес келмеуі,атқарушылық-техникалық құжаттаманы уақытылы жүргізбеу анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша мердігерлік ұйым басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,4 миллион теңге немесе 400 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болды және кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді. Бірақ, нұсқама белгіленген мерзімде орындалмағандықтан, «Таир» серіктестігіне әкімшілік іс қайта қозғалды, – деді басқарма басшысы.
Осы сияқты заң бұзушылықтар Макинск қаласында су құбыры желілерін жаңарту объектісіне жауапты «PremierExpert» серіктестігіндеде анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, басқарма құрылыс саласында лицензиялау және аккредиттеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Авторлық, техникалық қадағалауларды, жобаларға сараптама жасауды және ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыруға сарапшыларды аттестаттаудан өткізеді. Осы жылдың өткен кезеңінде жобалық, іздестіру қызметіне, құрылыс-монтаж жұмыстарына 72 лицензия берілген.
–Басқарма өңірдегі үлестік құрылысты бақылау бойынша жұмыстар жүргізуде.Қазіргі уақыттаҚосшы қаласында орналасқан 4 тұрғын үй кешені бойынша проблемалық мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр. «Тұрғын үй Академиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен тұрғын үй-құрылыс кооперативі өкілдерінің деректерінше,558-ге жуық жәбірленуші үлескерлер бар. Мемлекет басшысының үлестік қатысуы бар барлық проблемалық үйлердің құрылысын аяқтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облыстық әкімдігі осы мәселелерді реттеуде нақты мақсаттарды айқындады және алданған үлескерлердің заңды құқықтарын іске асыру бойынша бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде, – деп атап өтті бұл орайда Бахыдбек Амантайұлы.
Оның айтуынша, үлескерлердің проблемаларын шешу үшін құрылыста мол тәжірибесі бар жаңа инвестор – «Galamat» компаниялар тобы анықталған. Өткен аптада Ақмола облысының үлестік құрылыс жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында жоғарыда аталған проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау мәселелері қаралған.
Айта кетейік, құрылыс секторы ұлттық экономика құрылымында маңызды орын алады және біздің мемлекетіміздің даму драйверлерінің бірі болып табылады. Бұл салада Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз етуге, азаматтарымыздың қауіпсіз және жайлы өмір сүруіне, сондай-ақ, құрылыс саласында мемлекеттің мүдделерін қорғауға жауапты мекеме ретінде әрекет етуге тиіс.
– Осыған байланысты тапсырыс берушілерге мердігерлердің жұмысына бақылауды күшейтуді және кемшіліктер анықталған кезде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау үшін бұл туралы біздің басқармаға дереу хабардар етуді ұсынамыз. Сондай-ақ, заңсыз құрылыс фактілері анықталған жағдайда ақпаратты басқармаға уақытылы жіберу керек. Құрылыс барысында мердігерлік ұйымдардың ұйымдастырушылық-технологиялық және жобалау құжаттарын қатаң сақтауына бақылауды күшейту де маңызды. Оған қоса, аяқталмаған жұмыстармен не бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқулармен объектілерді қабылдауға, сапасыз әзірленген жобаларды бекітуге жол берілмеуі тиіс, – дей келе, Бахыдбек Оспанбеков құрылыс жұмысы барысында есте ұсталатын қағидаларға тоқталды.
Бұл ретте, Үкімет пен облыстық әкімдік тарапынан да қатаң ескертулер мен тиісті шаралар қарастырылуда. Талапқа сайжұмыс істемеген мердігерлерді әкімшілік, басқа да жауапкершілікке тарту өзге құрылыс компанияларына да сабақ болары анық.
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.