«Ақмола облысында 2021 жылдан бастап өңір колледждерінің 2 мыңға жуық студенттері, педагогтары мен шеберлерінің қатысуымен «Игі істер автобусы» бірегей жобасы жұмыс жүргізіп келе жатыр», – деп хабарлайды Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Конституция күні қарсаңында облыстағы 14 колледжде «Игі істер автобусы» жобасы бойынша студенттер мен кәсіптік оқыту шеберлері қарттар мен жалғызбасты жандарға 23 еріктілік іс-шара ұйымдастырып, олардың бау-бақша учаскелерін тазалауға, шағын жөндеу жұмыстарына, абаттандыруға көмек көрсетті.
Жобаның мақсаты – студенттік жастарды ауыл және қала тұрғындарын қолдау, халыққа тұрмыстық қызметтерді тегін негізде іске асыру арқылы қоғам мәселелерін шешуге тарту.
Волонтерлік бастамаларды іске асыру шеңберінде әрбір колледжде жыл бойы 3-4 курс студенттері мен өндірістік оқыту шеберлерімен «Игі істер автобусы» жұмыс жасайды, олар халыққа шаштараз сервисі, тігін бұйымдарын жөндеу, ағаш ұстасы, дәнекерлеу сипатындағы қызметтер, цифрлық технологиялар саласындағы қызметтерді өтеусіз негізде қызметтер көрсетеді. Студенттер арасынан еріктілер елді мекендердің оқушыларымен демалыс ұйымдастырып, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, үйірме сабақтарын өткізді. 2023 жылы халықты қамту шамамен 300 адамды құрады.
2024 жылы жоба облыстағы халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Мәселен, құрылыс-технологиялық колледжінің студенттері Көкшетау қаласының зейнеткер пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізді, Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжінің студенттері облыстық қан орталығының тұрақты донорлары болып табылады. Су тасқыны кезінде Есіл, Ақкөл және Көкшетау қалаларының, Астрахан, Шағалалы ауылдарының ерікті студенттері табиғи апатқа қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсетті.
Жазғы кезеңде Аршалы, Егіндікөл, Жаңаесіл ауылдарының колледж студенттері егде жастағы зейнеткерлерге аулалар мен бақтарды абаттандыруға көмектесті.
«Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің студенттеріне бақшадағы көмегі үшін алғысымды білдіремін. Балаларға осындай жанашыр және ашық болуды тілеймін. Игі істеріңіз көбейе берсін», – деді студенттерге ризашылығын білдірген педагогикалық еңбек ардагері, Щучинск қаласының тұрғыны Ирина Фоменко.