Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің әрбір азаматының құқықтары мен бостандығының, қоғамның тұрақтылығы мен демократиялық дамуының негізі. 2022 жылы республикалық референдумда елдің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер оның демократиялық негізін күшейтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өткеніндей, «Конституция біздің мемлекеттілігіміздің берік тірегі болып табылады, ол қоғамдық және саяси құрылымды, тұрақты құндылықтарды және ел дамуының стратегиялық векторын айқындайды». Бүгінде еліміз өз тарихының жаңа кезеңіне қадам басуда. Елімізде реформалар жылдам және табысты жүргізілуде, қоғамды демократияландырудың тұрақты процесі жалғасын тауып, әлеуметтік саладағы заңнама жетілдірілуде, экономикалық даму үшін жағдайлар жақсаруда. Конституция нормаларын қатаң сақтау – бұл мемлекеттің табысты дамуының, қазіргі заманның жаңа сын-тегеуріндеріне жауаптардың тиімділігінің, қоғамдағы азаматтық келісімнің,…