Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кейбір оқу орындарындағы жөндеу жұмыстары алаңдатады - АРҚА АЖАРЫ

Кейбір оқу орындарындағы жөндеу жұмыстары алаңдатады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде 2024-2025 жылғы оқу жылына дайындық барысы және мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасын бақылау мәселелері қаралды.

Отырысқа облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, аудандар мен қалалар әкімдері, басқармалар мен департаменттердің, кәсіпорындардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Облыс әкімі  күн тәртібіне көшпес бұрын бірқатар жаңа лауазым иелерін таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Олардың қатарында Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Мұрат Балпан, Целиноград ауданының әкімі лауазымына тағайындалған Дарын Сабырғалиев, аймақ басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Әнуар Күмпекеев бар. Әрі қарай отырыста қаралатын мәселелер бойынша жауапты басқармалардың басшылары баяндамалар жасады.Белгілі болғанындай, білім саласында педагогтардың жетіспеушілігі байқалады және кейбір білім ошақтарында жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаған.

– 2024 жылы 60 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізуге 11,5 миллиард теңге бөлінді. Ол жұмыстар аяқталуда. Бірақ, жұмыс кестесінен артта қалуда баршылық. Астрахан ауданындағы агробизнес колледжінің бірінші жатақханасы бойынша жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталмады. Біржан сал ауданының орталығы Степняк қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары мен Атбасар ауданындағы Новосельский орта мектебінің жөндеу жұмыстарында да осылай болып отыр, – деді жағдайды баяндаған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Балташева. Оның айтуынша, аталған нысандарға жауапты мердігер – «Көктал-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Сондай-ақ, облыстағы 215 білім беру ұйымы орталықтандырылған жылу жүйесінеқосылған, қалғандарында жеке жылыту көздері бар. Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражатынан 83 білім беру объектісіне 109 қазандық ауыстыруға 403,6 миллион теңге бөлінген. Бүгінде оның 104-і орнатылған. Қалғандары да бекітілген мерзімінде іске қосылады деп күтілуде. Оған қоса, жылыту маусымына дайындық аясында отынның үш айлық қорын жасау қолға алынған. Нәтижесінде білім беру мекемелерінің көмірмен қамтылуы 62 пайызды құрап отыр.

Сонымен бірге, әкімдік мәжілісінде күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев баяндама жасады. Департамент басшысының берген мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік қызметте құқық бұзушылықтар әсіресе, жер қатынастары саласында байқалған. Мысалға, заңсыз жер телімдерін пайдалану және сату, жобадан тыс тұрғын үй құрылысын жүргізу, тұрғындарға кезексіз жер телімдерін бөлу сияқты заңсыздықтар азаймаған.

– Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, осы тұрғыда 65 шағым түсіп, олардың 19-ы расталған. Яғни, өсім айтарлықтай. Ең көбіКөкшетау қаласынан, Целиноград ауданы мен Қосшы қаласынан түскен. Бұндай теріс көрініс аталған қала, аудан әкімдіктері басшыларының осындай маңызды мәселелерге әлі дебаса көңіл бөлмеуінен орын алуда, – деп атап өтті департамент басшысы. Өз кезегінде аймақ басшысы Марат Ахметжанов өңір әкімдеріне бұл олқылықтарды қайталамай, алдын алуды және халыққа жерді тек заңды түрде ғана беруді тапсырды.

Әкімдік мәжілісін қорытындылаған облыс әкімі күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ұсыныстар енгізіп, жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар