Жаңалыққа толы мерекелі де берекелі күн

Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Онда аймақ басшысы жиналғандарды осы қуанышты оқиғамен құттықтап, бір топ ақмолалықтарға жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды.

Салтанатты шараға келген облыс тұрғындары мен қала қонақтары жағымды көріністер мен жаңалықтардың куәсі болды.

– Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің әрбір азаматының құқықтары мен бостандықтарының негізі, қоғамның тұрақтылығы мен демократиялық дамуының кепілі. Конституция күні мерекесінің қазақстандықтар үшін жылдан жылға маңызы артып келеді. Елімізде болыпжатқан оң өзгерістерге барлығыңыз куәсіздер. Бұл жетістіктердің барлығына Конституцияның негізгі нормалары мен принциптері арқылы қол жеткізілді. Біз еліміз бен өңірімізді дамытуға бағытталған маңыздыміндеттерді табысты шеше алатынымызға сенімдіміз, – деді өзінің құттықтау сөзінде Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, мереке аясында облыс әкімі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 22 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды. Олардың ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар бар.

Оған қоса, облыстың бірқатар денсаулық сақтау ұйымдары мен білім ошақтарына 24 медициналық «жедел жәрдем» көлігі мен 5 мектеп автобусының кілті берілді.

– Жаңа «жедел жәрдем» көліктері дебіздің тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатына қосылып отырған үлес. Бұл автокөліктер әрбір ақмолалыққа уақытылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ете отырып, халықтың игілігіне қызмет ететін болады, – дей келе, М.Ахметжанов медицинамен білім саласының әрқашан назардан тыс қалмауы керек екеніне тоқталды. Сонымен бірге, жаңалығы мол болған берекелі жиында еліміздің дамуына лайықты үлес қосқан бір топ жерлестеріміз «Құрмет» және «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

Айта кетсек,  биылғы Конституция күні облысымызға өзге де сүйінші хабарлар әкелді. Мәселен, Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында ерекше мүмкіндіктегі балаларға арналған балабақша пайдалануға берілсе, Бурабай ауданының Бурабай кентінде қосалқы станция, Зеленый бор ауылында Мәдениет үйі мен спорт кешені де ел игілігіне есіктерін айқара ашты.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар