Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кезекті жұмыс сапарымен Атбасар ауданында болып, биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды және локомотив құрастыратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Биылғы көктемде орын алған су тасқыны атбасарлықтарды да айтарлықтай әуреге салғаны мәлім. Бұған дейін де жыл сайын қар суларынан зардап шегіп келе жатқан ауданды биыл да табиғи апат айналып өтпеді, 375 тұрғынның үйі су астында қалды. Сөйтіп, ауыр жағдайда бастан кешкенатбасарлықтарға бұл күні жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылып, 200 отбасы бақытты күйді бастарынан өткерді. Олар жаңадан салынған бес қабатты тұрғын үйлердің жайлы пәтерлеріне қоныстанатын болды.
– Пәтер кілттерін Конституция күні мерекесі қарсаңында тапсыруды жөн санадық. Бұл да бір жақсылықтың нышаны деп санаймын. Бұған дейн 38 атбасарлық отбасыға екінші деңгейлі нарықтан таңдаған пәтерлері сатып әперілді. Бүгін тағы 200 отбасы жаңа пәтер иесі атануда. Алдағы уақытта баспана кезегін күткендерге салынып жатқан 100 және 45 пәтерлі тұрғын үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Осылайша, біз су тасқынынан зардап шеккендерді ғана емес, кезекте тұрғандардың бір бөлігін де баспанамен қамтимыз, – деді Марат Ахметжанов өз сөзінде.
Атбасар ауданаралық ауруханасының анестезиолог дәрігері Ирина Левина да су тасқынынан зардап шегушілердің қатарында. Оған жаңа үйден төрт бөлмелі пәтердің кілті бұйырды.
– Биыл су тасқыны қатты болып, біздің де отбасымыз пәтерсіз қалды. Өзіміздің үйіміз жайлы, кең болатын. Үйсіз қалғанда тар пәтер беріле ме деп қорқып едім, бүгін жаңа пәтерімізді көріп, әділдіктің барына қуандым, – деп шын көңілден шаттығын жеткізді ол.
Аудан басшыларының жедел қимыл танытып, тиісінше көмек көрсеткеніне көпбалалы ана Жұлдыз Сәдуақасова да дәнриза:
– Сәуірде бір түннің ішінде меніңде үйім қызыл судың астында қалды, қатты уайымдап, не істерімізді білмедік. Сол кездегі қиындық артта қалып, бүгін мен мүлдем басқа сезімде отырмын. Енді менің балаларым жайлы жағдайда өмір сүреді, – деп ішкі қуанышымен бөлісті бұл көпбалалы ана да.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің айтуынша, жаңадан салынған үйлер жыл сайын қайталанатын су тасқынынан, яғни, су басатын аумақтан аулақ жерде орналасқан.
– Мердігер ұйымдар ауа райының қолайсыздығына, жауын-шашынның молдығына байланысты жаңа үйлердің маңайын абаттандыру жұмыстарын аяқтап үлгермеген. Жақын арада жолдарды жөндеп, аумағын көркейе түсеміз. Қазан айының соңына дейін тағы да бір жүзпәтерлі үйді тапсыруға келеміз деп ойлаймын, – деп қуантты облыс әкімі.
Пәтер кілттерін табыстау сәті үлкен мерекеге ұласты. Әр отбасының қол жеткізген жаңа пәтерлері бақыт ордасына айналсын дейміз біз де.
Атбасарға келген облыс әкімі осы жолы жүзбелі жер снарядының да қалай жұмыс істейтінін тексерді. Бұл агрегат жыл сайын көктемде тасып, қаланы суға толтыратын Жабай өзенінің арнасын тазартып, тереңдетеді. Бүгінде бөгет аймағында жүз метрге жуық қоқыс тазартылып, табаны тереңдетілген.
– Біз үшін ең бастысы, су тасқынының салдарын жою ғана емес, оның қайталанбауын қамтамасыз ету. Ол үшін біз осы снарядты сатып алып, басты өзенді тазартудамыз. Алдағы уақытта Атбасардатағы үш су өткізгіш шлюз салынады. Ол қала шетіне су жиналуына мүмкіндік бермейді. Жиналатын дала сулары осы шлюздер арқылы егістік алқаптарына қарай ағатын болады. Бұған бюджеттен қаржы бөлінді, жоба бар, мердігеранықталды, – деді Марат Ахметжанов.
Ауданды дамыту бағытында жасалып жатқан жаңа тұрғын үйлер мен су өткізу құрылғыларынан бөлек, басқа да құрылыс нысандары бой көтеріп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны зиян келтірген №1 орта мектептің де күрделі жөндеуі аяқталды, Шуйское мен Есенгелді ауылдарындағы мектептер жаңартылды. Басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар рет-ретімен қалыпқа келтіріліп, жөнделіп, қатарға қосылуда. Конституция күніне орай облыс әкімі жергілікті ауруханағаеңозықнемісжабдықтарыменжабдықталғанжаңа«жеделжәрдем»көлігін тапсырды. Бұл биыл облыстың медициналықұйымдары үшінсатыпалынғанжәне алынатын 50 жедел жәрдем автокөлігінің алғашқысы.
Атбасарда локомотив құрастыру зауыты да салынбақшы. Бұл инвестициялықжаңа жобаелімізді одан әрі дамыта түсудің серпінді нүктесіболмақ. Болашақ кәсіпорынның аумағындағы құрылыс жұмыстары енді-енді қолға алынады. Облыс әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров және «Қазақстантеміржолы» АҚ төрағасының орынбасары Талғат Алдабергенов зауыттың алғашқы қазығын қадап, құрылыс жұмыстарының сәтті басталуына тілектестіктерін білдірді.
– Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру міндетін қойды. Ал, локомотив паркін ұлғайту – елімізде көлік-логистика бағытын дамытуға көмектесетін маңызды міндет, – деп атап өтті салтанатты рәсімде Мақсат Қалиақпаров.
Сонымен бірге, облыс әкімі Атбасардағы жаңа локомотив құрастыру зауыты магистральдық электровоздардың 100 және 200секциясынжәнеманеврліктепловоздардың 60 секциясын,оның ішінде газбен жүретін экологиялық таза локомотивтерді шығаратынын айтты. Бұлауқымдыжоба тек темір жол саласынғанаемес, өңірдіңдежаңабағытта дамуына оң септігін тигізетінін алға тартты.
Аймақ басшысыз ауыттың Атбасарда салынуы орынды екендігін, бұл қала арқылы ертеден ірітеміржол торабының өткенін еске салды. Соныменқатар, мұнда «ҚамқорЛокомотив» бірегей вагон жөндеу зауыты орналасқандығын, онда білікті және жауапты қызметкерлердің қалыптасқан ұжымы барын, осы ауданда көптегентеміржол әулеттеріөсіп-өнгенін ұмытпауымыз керек. Зауыт құрылысы нақты 2025 жылы басталады, оған салынатын жеке инвестиция 47 миллиард теңгені құрайды.
Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бірін өндіретін облысымыздыңаграршыларыбиылжақсыөнімжинаудыжоспарлауда. Егін жинаунауқаны басталған алғашқыкүнде-ақ 41 мың гектаралқаптыңбидайыбастырылды. Комбайншылар менауыр жүк жүргізушілерідемалыссыз жұмыс істеугетырысуда.
Алдын ала деректер бойынша биыл астықтың жалпы мөлшері гектарынан орта есеппен 11,2 центрнерден өнім алғанның өзінде 5,2 миллион тоннаны құрайды деп болжануда. Бірақ, Атбасар ауданының «Шуйское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты кейбір ірі шаруашылықтарда науқанның алғашқы күндерінде бидай өнімділігі гектарынан 25 центнерді құрауда.
Ауданның аграршыларымен мемлекеттік қолдау шаралары, егін жинаудың әдіс-тәсілдері мен басқа да мәселелерді талқылап алғанды жөн көрген Марат Ахметжанов астық алқаптарына барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленовтің айтуынша, облыста барлығы 5,4 миллион гектар алқапта егін жинау жұмыстарын жүргізу қажет, оның 4,7 миллион гектарына астықегілген.
Орақ науқаны облыстың барлық аудандарында жаппай басталды, өкінішке орай, толассыз жауған жаңбыр қатты қол байлауда. Дәннің ылғалдылығы бүгінде 19-дан 22 пайызға дейін баруда, бұл өте көп. Ол кем дегенде 15-16 пайызды құрауы керек, сонда ғана астықсапалы болады. Бұл үшін кем дегенде бір-екі аптақұрғақ ауа райы қажет,– деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.
Облыс диқандары ораққа барынша дайын. Жеңілдетілген бағамен 83 мың тонна дизель отыны бөлінді.Техника әзір, машина-трактор паркі де едәуір жаңартылған. Жауапты науқанға 9 мыңға жуық астық жинау техникасыжұмылдырылатын болса, олардың жартысынан көбі заманауи жоғары өнімді комбайндар.
Владислава КОКОРИНА,
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Атбасар ауданы.