Ақмола облыстық мәдениет басқармасы Жошы Ұлысының 800 жылдығы және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, 2024 жылдың 19-23 тамызы аралығында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Қазба жұмыстары барысында Көкшетау қаласының іргесіндегіВасильковка ауылының оңтүстік-шығысында, Шағалалы өзенінің бойындағы орта ғасырларға жататын Алтынтау IX қорымында мойынға тағатын аспалы қола айна табылды.
Аталмыш экспедицияға археолог, Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Данияр Тілеуқабылов, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» директоры Жасұлан Үкеев, ақын, өлкетанушы-журналист Алмас Темірбай, Еуразия ұлттық университетінің магистранттары Мұса Рысбергенов, Сүлейман Тілекешев, Әмір Тагленов, Артур Мухаметзянов және Өзен орта мектебінің мұғалімі Шынболат Оралов шәкірттерімен қатысты. Табылған құнды жәдігер өңіріміздегі өркениеттің ізі тым әріде жатқандығының тағы бір дәлелі десек, артық емес.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Зерендіауданы.