Ел абыройы

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған жерлесіміз Еркін Ғаббасовты осы жеңісімен құттықтады.

«Еркін Ғаббасовты құрметті және көптен күткен марапатымен – Париждегі Паралимпиада ойындарының күміс медалімен құттықтаймын! Бұл сіздің табандылығыңыздың, белсенді өмірлік ұстанымыңыздың және еңбекқорлығыңыздың айқын дәлелі. Ақмолалықтар сізді мақтан тұтады. Жаңа жарыстарда одан да биік жеңістер тілеймін», – деп жазылған құттықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, Еркін Ғаббасовтың бұл күмісі Қазақстан ұлттық құрамасының биылғы Паралимпиада ойындарында жеңіп алған алғашқы медалі болды.

Біздің спортшы 10 метр қашықтыққа пневматикалық мылтықтан оқ ату бойынша Паралимпиада финалында өнер көрсетіп, осындай жоғары нәтижеге жетті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар