Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отан отбасынан басталады - АРҚА АЖАРЫ

Отан отбасынан басталады

Мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі – әрбір отбасының амандығын қамтамасыз ету. Бақытты отбасының басты көріністерінің бірі – балалар мен ата-ананың денсаулығы. Сондықтан, осыған қамқорлық жасау аса маңызды. Елімізде 2013 жылы бекітілген Отбасы күні жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл күн 8 қыркүйекке сәйкес келеді.

Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылығының бас инспекторы Дана Мейрамова және өзгеде жауапты органдар өкілдерінің қатысуымен брифинг болып өтті.

– Биылғы мерекенің маңыздылығын арттыру мақсатында әр күннің тақырыптық бағыттарын анықтай отырып, 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы апталығын өткізу ұсынылды. Мысалы, 2 қыркүйек – «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» тақырыбымен өтіп, 25-50 жыл бірге өмір сүрген және дүниеге саналы да тәрбиелі ұрпақ әкелген ерлі-зайыптылар құрметтеледі. 3 қыркүйекте «Отбасын жоспарлау» атауымен медициналық мекемелерде, жастар орталықтарында репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өткізіледі. 4 қыркүйек«Саналы ата-ана» тақырыбына арналады. Оның барысында облыс білім беру ұйымдарында  оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында сынып сағаттарын өткізу жоспарланған. 5 қыркүйекте «Дені сау ұрпақ» девизімен барлық аудандар мен қала орталықтарында спорттық жарыстар, жүгіруден эстафеталар өткізілетін болады. 6 қыркүйекте «Мықты отбасы  – мықты мемлекеттің кепілі» деген атаумен облыстық Аналар кеңесі «Қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі отбасы бейнесі» тақырыбында мерекелік бағдарлама ұйымдастырады және «Алтын шаңырақ» пен «Күміс кереге» номинацияларын тапсырылады. «Отбасылық әл-ауқат» атауымен өтетін шаралар 7 қыркүйекке дөп келеді. Бұл күні «Отбасы құндылықтарын насихаттауға, көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар үшін қайырымдылық акциялары ұйымдастырылмақшы.Апталықтың соңғы күні – 8 қыркүйекте «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция» тақырыбында облыстық «Бақытты отбасы» әлеуметтік роликтер байқауының марапаттау рәсімі өткізіледі, – дейді мерекелік шараларды таныстырған Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев. Брифинг барысында белгілі болғанындай, соңғы он жыл бойы өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері де аталған мерекелік шаралар қарсаңында анықталады. Жеңімпаз отбасыАқмола облысының атынан6қыркүйек күні Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатыспақшы.

Сондай-ақ, брифингте сөз алғанАқмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Мұхамединнің айтуынша, бүгінде облыста 773 мың адам тұрады, олар275 мың отбасын құрайды. Олардың 9,8 пайызы ауқатты тұрса, жағдайы ауыр отбасылардың саны 7947 немесе 3 пайыз. Қалғандары орташа немесе қанағаттанарлық жағдайда өмір сүруде.

– 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Степногорск, Қосшы қалалары мен Атбасар, Шортанды, Зеренді және Бурабай аудандарындақиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларын қолдау мақсатында 6 мобильді топ жұмыс істейді. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы осы топтың үйлестірушісі болып табылады. Шұғыл жауап беру үшін WhatsApp топтары құрылды, – деп толықтырды өз сөзін Ерлан Қыздарбекұлы.

Сонымен бірге, брифинг барысында отбасына көрсетілетін құқықтық қызмет туралы да айтылды. Бұл ретте, Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Альбина Дәуренова баяндап берді.Осы жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңның қылмыстық жауапкершілікті күшейту бөлігінде ұрып-соғуға және денсаулыққа қасақана зиян келтіруге қатаң тиым салынған. Брифингте келтірілген мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастарға жататын қылмыстардың 82,5 пайызға өсуі байқалған. Бұл – әрбір отбасы мемлекет тірегі десек, алаңдатарлық жағдай.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар