Біздің мемлекетіміз әлемнің көптеген басқа елдері сияқты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды енгізуге баса назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлықтан сақтандыру және алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істейді, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда.
Сонымен қатар, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірінші кезектегі міндеттер қойылады. Негізгі стратегиялық құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
Тұжырымдаманың мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына тарту және оның деңгейін төмендету. Тұжырымдаманың негізгі бағыты мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелерін кезең-кезеңімен іске асыру нақты іс-шаралар мен орындалу мерзімдері көрсетілетін іс-шаралар жоспарымен қамтамасыз етіледі.
Ақмола облысының қаржы басқармасы бюджетті атқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бола отырып, өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға қатысады. Жыл сайын басқарма сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін жүргізуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Осылайша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашықтық қағидатын іске асыру мақсатында қаржы басқармасының қалың жұртшылық үшін қолжетімді ресми интернет-ресурсында ведомствоның қызметі туралы ақпарат орналастырылады.Облыс бюджетінің атқарылу қорытындылары жарияланады, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін Азаматтық бюджет тарауы жұмыс істейді. Сайтта сондай-ақ,басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігіндегі қызметі жарияланады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үшін «виртуалды қабылдау бөлмесі» жұмыс істейді. Құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сенім телефоны – 8 (716-2) 25-30-42 жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметшілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында басқармада әдеп нормаларына, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға қатысты мәселелер қаралатын, заңнамадағы, оның ішінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік сатып алу, Әкімшілік құқық бұзушылықтар, бюджет заңнамасындағы өзгерістер қадағаланатын және талқыланатын сабақтар мен семинарлар үнемі өткізіліп тұрады. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі тетіктері болып табылады.
Талғат БӨЛТЕНОВ,
Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы.