Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар, келесі критерийлерге сәйкес келетін:
– Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитын;
– әр түрлі спорт түрлерінде жоғары жетістіктері бар студенттер (олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және/немесе халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар), Ақмола облысының атынан қатысатындар болуы тиіс.
Құжаттар 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 10 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға қойылатын талаптар, сонымен бірге, тапшы мамандықтар тізімі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының сайтында орналастырылған.
Өтінімдер Ақмола облысы ішкі саясат басқарамасында мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қ.Сәтпаев көшесі, 1 «Б» үй, 2-қабат, 241 бөлме. Қосымша ақпарат бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: 8 (716 2) 40-12-29.