Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өзбектің ұлттық күресі – күрештен жарыс аяқталды.
Жарыстың үшінші күні спорттың осы күреш түрінде әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмола облысының спортшысы Толғанай Әбеуова күміс жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының командалық есебінде көш бастап тұр. Біздің спортшылардың еншісінде 21 алтын, 10 күміс және 17 қола бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.