Көкшетауда Медицина қызметкерлері мен ұстаздарға АЭС салу қажеттілігі түсіндірілді

Көкшетауда  АЭС құрылысын қолдау жөніндегі облыстық халықтық штабтың үгіт-насихат жұмыстары аясында қала мектептерінің ұстаздарымен және денсаулық саласының қызметкрелерімен кездесу өтті.

Кездесуде  облыстық халықтық штабтың мүшесі Серік Кәкенов  АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндіріп,  АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

«АЭС- бұл болашақта елді энергетикалық тәуелділіктен алып шығатын зор мүмкіндік. Жасыл энергия көзіне жататын атом электростанциясын салу арқылы ғалымдар бірнеше мәселені шешуге болатындығын айтып отыр»,- деді сөз алған  штаб мүшесі Умар Шоназаров. Сарапшы мамандар станса салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болатынын айтады.

«Мұндай орталықтар көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Осыны ескерген дамыған мемлекеттер ауаны қалай тазартудың жолын атом орталықтары арқылы іздеуге көшкен. Атом электр стансасы – басқа стансаларға қарағанда экологиялық таза. Өздеріңіз білесіздер, АҚШ болсын, Еуропадағы біраз ел, соның ішінде Франция 80%-ға дейін электр энергиясы өзінде. АЭС арқылы өндіріледі. Ол жерде бірде-бір радиацияның шығуы, басқа жағдайлар болып жатқан жоқ», – дейді облыстық халықтық штаб мүшесі Бауыржан Ыбыраев.

Ақмола облыстық халықтық штаб мүшелерімен кездесуде  дәрігерлер мен медицина қызметкерлері белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-ның қоршаған ортаға тигізер зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарын қойды.

Кездесу барысында АЭС құрылысына қатысты түрлі пікір айтылды.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Ақмола облысының түкпір-түкпірін аралап, болашаққа маңызды қадам жасаудың маңыздылығын түсіндіруде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар