Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыздыққа жол берілмеді - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыздыққа жол берілмеді

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты азамат У.-дың талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.  

Сот барысында талапкердің аталған мекемеде күзет қызметі бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істегені анықталды. Жұмыс берушінің бұйрығына сәйкес «У.»-мен еңбек шарты Еңбек кодексінің 52-бабы 1-бөлігінің 16-тармағы негізінде бұзылған. Бұл ретте, оған қорық аумағында өз бетінше шөп шабу және мал жаю фактісі бойынша қызметтік тергеу нәтижелері себеп болған.

Алайда, У.-дың бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылмағанын, келісім комиссиясының шешімімен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылғанын, жұмыс беруші қызметкерден осы факті бойынша түсініктеме алмағанын және жазбаша түсініктеме беруден бас тарту туралы акт жасалмағанын, ескере келе, қызметкерді жұмысынан шығаруды заңсыз деп тапты.

Нәтижесінде сот шешімімен мекеме директорының У.-мен еңбек шартын бұзу туралы бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Бүгінгі таңда талапкер бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастырылып, жұмысқа жіберілмеген күндері үшін жалақысы өндіріліп алынды.  Сондай-ақ, облыстық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың бұл шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар