Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отбасы – бақыт мекені - АРҚА АЖАРЫ

Отбасы – бақыт мекені

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Отбасы күні мерекесімен құттықтау сөзінде: «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттыққұндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады» деген болатын.

Биыл да қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде атап өтілді. Осыған орай, Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен және қаладағы 5510 әскери бөлімі сарбаздарының қатысуымен «Отбасы – бақытмекенім» атты іс-шара өтті.Іс-шара барысында сарбаздарға отбасы туралы бейне көрсетілім, слайд және көрме ұсынылды.

Шынында да, отбасы сүйікті Қазақстанымыздың Отанның әрбір адамын дүниеге әкелген, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды орта. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осында басталады.  Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін сол Отанды қалыптастыратын отбасы мықты болуы керек. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының қос берік тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға қалтқысыз қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз.

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына, ықпалына бейімделіп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Ал, баланы өсіріп, тәрбиелеу, әсіресе, қыз балаларды халқымыздың салт-дәстүрі, ата-баба аманатына сай аялап бой жеткізу әйел адамның тікелей міндеті.

Қазақтар «Төріңнен қарт  кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында парыз-міндетің өлшеусіз. Қазақ әдет-ғұрпындағы осы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиетіне шаң жуытпайық! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау. Мерекелік шарада міне, кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен жиналып, Ақмола, Көкше жерінде әскери борыштарын өтеп жүрген сарбаздарымызға осы туралы сыр шертілді.

Иә, асқар тау әкең болса жанға тірек,
Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп.
Қайғы кеп қабырғаңа соқтығысса,
Отбасың демеу болар – үлкен жүрек.

Әке-шеше бүлдіршіннің қосқанаты,
Сол қанатта өсуде жастар әлі.
Отбасы құдіреттінің құдіреттісі,
Отанда осы жерден басталады!

                                                            Эльмира ЫҚЫЛАСОВА,
Көкшетау қалалық орталықүлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар