Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Саланың әлеуетін арттыру уақыт талабы - АРҚА АЖАРЫ

Саланың әлеуетін арттыру уақыт талабы

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай,Свободный және Ақсай ауылдарында«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жүргізілуде.

Бұл медициналық нысандардысалудағы негізгі мақсат ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ,аурудың асқынуының алдын алу үшін профилактикалық тексерулердің, скринингтердің, медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсетудің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Бұл ауылдарда тұрғындарға медициналық қызмет қолайсыз ғимараттарда көрсетіліп келеді. Ал, жаңа амбулаториялар іске қосылғанда, күніне 45 адамға дейін қабылдайтын болады.

– Жаңа дәрігерлік амбулаториялардың әрқайсысында бір жалпы практика дәрігері және үш медбике болады. Свободный ауылында салынып жатқан нысанның құны 320,3 миллион теңгені құраса, Ақсай ауылындағы амбулаторияға 325,9 миллион теңге бөлініп отыр. Қаржыландыру республикалық бюджеттен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, – дейді аудандық аурухананың бас дәрігеріАзамат Қожахметов.

Бүгінгі таңда ауданда күндізгі стационарларының жалпы жиынтығы45 орынды құрайтын 7 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар