Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тиым салынады - АРҚА АЖАРЫ

Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тиым салынады

Ағымдағы жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ, бюджеттік ұйымдардың басшыларына құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салынды.

Бұл тыйымды Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде бекітті. Мұндай мемлекеттік қызметшілерге қатысты тыйым салу заңы бұзылған жағдайда тәртіптік шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар адамдар ставкалар жасай алмайды және казинода ойнай алмайды.

Бұл шаралар ойынға тәуелділікті азайтуға және барлық азаматтар үшін қауіпсіз және жауапты орта құруға бағытталған.
Барлық қызметкерлерді толық ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының әділет департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты түрде семинарлар өткізеді. Бұл іс-шараларда жаңа заңнамалық шектеулер мен олардың салдары егжей-тегжейлі талқыланады.

Бұдан басқа, Қазақстанның әрбір азаматы енді EGOV Mobile қосымшасы арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қол жеткізуді өз бетінше шектей алады. Бұл қызмет заңды ойын мекемелеріне және лицензияланған букмекерлік кеңселердің сайттарына алты айдан бір жылға дейін кіруге бірден тыйым салуға мүмкіндік береді. Аталған шара ойынға тәуелділік қаупін азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар, этикалық ахуалды жақсартуға және мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Медет ЕДРІСОВ,
Ақмола облыстықәділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар