«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2024 жылғы 25 қыркүйекте, сағат 11.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына ««Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Ақмола облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Ақмола облысының ветеринария басқармасының жұмысы туралы» және басқа да сұрақтар енгізіледі.
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихаты төрағасы.