Ядролық сынақ өтіп жатқанын кейін білдік…

Семей полигонынга 33 жыл

Қазақстан Республикасының егемендігі  туралы декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күн – 1991 жылдың 28 тамызы. Осы күннен бастап полигон жабылды.

Кеңес Одағы 40 жыл ішінде полигонда ядролық қарудың 468 сынағын өткізіпті. Осы аралықта жақын маңындағы елді мекендерде  тұратындар әлі күнге дейін радиацияның әсерінен туындаған аурулардан зардап шегіп келеді. Жергілікті халықөзін сынақ материалы деп атайды. Семей ядролық аймағы 18,5 мың шаршы шақырымды құрайды. Полигонға Шығыс Қазақстан,ішінара Павлодар, Қарағанды облыстары жатады. Полигонда жан-жануарларға да сынақ жүргізген. Ресми дерек бойынша полигон  аймағында ешкім тұрмайды. Бұл тиым салуға қарамастан, бүгінде ол жерде мал бағу, малға азық дайындау жиі байқалады. Кезінде бұл аймақта ондаған әскери горнизондар орналастырылды, мыңдаған Кеңес жауынгерлері Отан алдындағы өз міндеттерін өтеді.

Семей полигоны аймағы өте қауіптілігіне қарамастан, жауынгерлер түрлі әскери мамандықтарды игеріп,қызметтерін атқарды. Бейбіт күнде сол жауынгерлер, ел қатарлы еңбек етіп, еліміздің көркеюіне атсалысып жүр, біразы зейнеткерлер, полигон кесірінен зардап шеккендері, дүниеден озғандары  қаншама.

Әр жыл сайын 28 тамызда жер-жерде Семей полигонының жабылуына арналған салтанатты жиын өтеді. Биыл да осыған 33 жыл толуына арналған  іс-шаралар жергілікті жерлерде тиісіншеаталып өтілуде.

Көкшетау қаласындағы«Достар» мәдениет сарайында Семей полигоны аймағында әскери борышын өтеген жауынгерлер осы күнді жұмыла атап өтті. Қатысып, сөз сөйлегендер, Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Ахметов,  Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, осындай бастауыш ұйым төрағасы Марат Нұрғасымов, әскери комиссариат қызметкерлері Ерболат Өтепов, Рахат Сабыров, көп жылдар Семей полигонында қызмет атқарған отставкадағы майор Владимир Капитонов өз кезектерінде ядролық қарудың адамзат баласына әкелген зардабы, бүгінде осының зардаптарын жою бағытында істеліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен тоқталып өтті.

Осы шараға келген өнерпаздар шағын өнерлерін көрсетті.Сахна төрінде ардагер жауынгерлер Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл кездесу қатысушыларға үлкен ой салып, көпшілік келешек ұрпаққа енді бұндай қасірет бұлты төнбесін деп тарқасты.

Бізде жас боп армандадық әскерге алуын,
Жалындаған басу үшін жастықшақтың адуын.
Ағалардан үлгі алып, сап түзеуге асықтық,
Ол кезде зор қуаныш ел қорғауға баруың.

Полигонды көрдікбіздер, жастықпен мән бермедік,
Бастапқыда аңғармадық, күн біртүрлі батқанын.
Кейде  жиі қозғалушы ед казармада шайқалып,
Кейін білдік ядролық сынақ өтіп жатқанын.

Тягач деген техниканы жүргізуді меңгердік,
Арасында жіберуші ет тегістеуге сол маңды.
Айтпаушы еді  бұл алаңда сынақ түрі өткенін,
Адамзатқа, табиғатқа залал салып кеткенін.

Жарылыста Дегелең тау қиыршыққа айналды,
Әскерилер орындаушы ед жоғарының бұйрығын.
Кейбіреулер білмеуші еді енді аз жыл қалғанын,
Атом деген уыттың өн бойына барғанын.

Міндетіміз аяқталып, туған жерге оралдық.
Бейбіт күннен көппен бірге,қатарласып қалмадық.
Жылдар өте, белгі берді полигонның зардабы,
Ауыр енді сол зардаптың жанымызға батқаны.

Ей, жарандар, тоқтатыңдар, сынақ оты болмасын,
Жұртым меніңтыныштықты, шат заманды қолдасын.
Бар дауыспен айтарым бар, ер Семейім айығып,
Ракеталар оқпандары бұл қаруға толмасын!

Сайлау ИБРАЕВ,
еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар