Алпыстан астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді

Инклюзивті білім беру жалпы білім беру жүйесінің маңызды буындарының бірі болып саналады. Ол сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған. Сол себепті, 2020-2025 жылдарға арналған «Инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттер желісін кеңейту» бағдарламасы аясында елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған кабинеттер ашылуда.

Инклюзияны қолдау кабинеттерінде педагог-психологтар, логопед-мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, педагог-ассистенттер ақпараттық және коммуникативтік кедергілерді жою, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мектеп өміріне араласу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыс істейді. Бұл әр оқушыға жеке көзқарасты қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Мысалы, инклюзивті білім беруді қолдаудың кезекті кабинеті кеше Астрахан ауданының орталығы Астрахан ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектепте ашылды.

–Біздің ауданда бұл үшінші кабинет. Мұнда логопед, дефектолог, психолог және әлеуметтік педагог 12 баламен жұмыс істейтін болады. Кабинет қажетті жабдықтар және жиһазбен жабдықталған. Балаларға жайлы болу үшін психофизикалық даму ерекшеліктері және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары ескеріле отырып, кабинет ашық түстермен безендірілген, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Полина Барахоева.

Облыста қазір осындай 66 кабинет жұмыс істейді, бұл барлық балалар үшін қолайлы жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасаудағы маңызды қадамболып табылады. Бұл кабинеттерде 1100-ден артық баламен 200-ден астам педагог айналысады.

Бір ғана Конституция күнімерекесі қарсаңында 15 кабинет ашылды.  Жыл соңына дейін тағы 20 кабинеттің ашылуы жоспарлануда. Кабинеттердің ашылуына үкіметтік емес ұйымдар да тартылатынын атап өткен жөн. Олар – «Қазақстан халқына», «Дара», «Бақ» және «Болашақ» қоғамдық қорлары. Қазіргі уақытта
инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу жөнінде 2026-2027 жылдардың жұмыс жоспары әзірленуде.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар