Жүрер жол жайлы болса, жүріп-тұру да жеңіл

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповтің қатысуымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын, көше-жол желісін салудың және жөндеудің барысы, жолаушылар тасымалының жай-күйі талқыланды.

Осы мәселе бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Александр Рублевский баяндама жасады. Ведомствоға ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша 130-дан астам жобаны іске асыру үшін шамамен 71,5 миллиард теңге бөлінген. Оның – 20,4 миллиарды республикалық бюджеттен, 46,4 миллиарды облыстық бюджеттен, ал, 4,7 миллиарды аудандық және қалалық бюджеттерден. Бұл қаражатқа 500 шақырымнан астам жол салу және жөндеу жоспарланған.

«Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу» бағдарламасы аясында 100 шақырымға жуық жолды жөндеу көзделген. Оның қатарында «Щучинск-Степняк-Уәлиханов», «Астана шығыс айналма жолы-Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлақсай», «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское», «Щучинск-Николаевка», «Бурабай-Қатаркөл», «Қорғалжын-Арықты-Сабынды», «Жақсы-Державинск», «Есіл-Свободное-Раздольное», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» және тағы басқа жолдар бар.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден бекітілген кестеге сәйкес осы жолдарға бақылауды жүзеге асыратын Жол активтері сапасының ұлттық орталығының қызметтеріне 215 миллион теңге бөлінді. Алайда, бүгінгі таңда барлық аудандар ҰТО қызметтерін қаржыландыруды толық қамтамасыз етпеген. Осыған байланысты, Рублевскийдің айтуынша, іске асырылып жатқан жобалардың бір бөлігі сапаны бақылау жөніндегі уәкілетті органның қадағалауынсыз қалып отыр.

Сонымен қатар, өткен жылы анықталған 149 ескерту жойылған жоқ. Көкшетау қаласы мен Атбасар, Есіл, Ерейментау, Зеренді, Целиноград аудандарының әкімдіктерінде ескертулердің саныең көп. Бұдан басқа, ағымдағы жылғы объектілерде анықталған ақаулар бар, оларды да жою қажет.

Осыған байланысты мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов ведомство фактілерді анықтау тәжірибесінен алшақтап, барлық ескертулерді жою үшін күш-жігерін жұмсап, барлық кезеңдерде жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейтуі қажет екенін атап өтті.

–Проблемалық мәселелердің бірі – республикалық және жергілікті бюджеттерден жол салу және жөндеу жөніндегі жобаларды жеткіліксіз қаржыландыру болып қала береді. Бүгінгі таңда облыста жалпы сомасы 200 миллиард теңгеден асатын дайын жобалар бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру бірнеше жылға созылатыны түсінікті, – деді бұл ретте А.Рублевский.

Осыған байланысты ведомство жаңа жобаларды әзірлеуді тоқтата тұруды ұсынады, себебі, бұл оларды түзету кезінде бюджет қаражатының артық жұмсалуына әкелуі мүмкін.

Өз кезегінде халықтың мүддесін білдіретін облыстық мәслихат депутаттары отырыста басым назар аударуды талап ететін проблемалық мәселелер мен объектілерге көңіл бөлді. Оның бірі – су тасқыны кезінде қираған жол төсемін қалпына келтіру. Рублевскийдің айтуынша, 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдар арқылы өткен 141 су тасқыны тіркелді.

Жолаушылар тасымалына келетін болсақ, мұнда көрсетілетін қызметтердің сапасы, автовокзалдардың жай-күйі және жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына әсер ететін басқа да факторлар туралы көптеген проблемалық мәселелер айтылды.

Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаев атап өткеніндей, қарастырылып отырған мәселелер өткір сипатқа ие және оларды шешу аса жауапты көзқарасты талап етеді. Комиссиялардың бірлескен отырысының қорытынды қаулысы орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар