Қоянды ауылының айналасында көктемде елді мекен көшелерін еріген қар суының басуынан қорғау үшін су бұру арнасы салынуда.
Жобаны Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «QazaqCityStroy» ЖШС жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда мердігерлік ұйым жалпы ұзындығы 4 шақырым, оның ішінде оңтүстік тармағы 2 шақырым және шығыс тармағы 2 шақырым су бұру арнасын қазу бойынша жер жұмыстарын жүргізуде.
Арнаның жалпы құрылысын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.