Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіл тағдыры – ұлт тағдыры - АРҚА АЖАРЫ

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры

Ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта, өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады. 1989 жылғы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал, Тілдер мерекесі 1998 жылдан бастап атап өтіледі.

Сол жылдың 22 қыркүйегі Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды. Алайда, жиырма жылдан соң атаулы датаның күні өзгерді. 2017 жылдың күзінде Үкімет Қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Өйткені, 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сол себептен 2018 жылдан бастап атаулы датаның күні өзгеріп, осы күні мерекелене бастады.

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені баршаға белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттың қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашанда қастерлеп, қорғай білуі тиіс. Ал, ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

«Достар» мәдениет сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана  «Тіл тағдыры – ел тағдыры»  атты танымдық сағат өткізді. Іс-шараға №8 жалпы орта білім беретін  мектебінің  8 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі қатысты. Іс-шара барысында кітап көрмесіне шолу жасалды,оқушылар ақындар М.Мақатаевтың, Н.Айтұлының өлеңдерін оқып, викторина сұрақтарына жауап беріп, тілге байланысты жасырылған мақалдың жартысын табуға белсенді қатысты. Іс-шара соңында кітапханашылар оқушыларды тіліміздің мәртебесін арттыру жолында осы бастан оң көзқарас қалыптастыруға шақырды.

Жұлдыз СЫЗДЫҚОВА,
«Достар» мәдениет сарайы жанындағы қалалық
үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар