Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, а.ж. қыркүйек айының 21 жұлдызында, сағат 10:00-де, Көкшетау қаласы, «Кіші амфитеатр» маңында республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясын өткізді.
Бүгінде бүкіл әлем қоқыс сұрыптауды «үйден» бастаған маңызды екенін түсінуде. Біздің қоғамымыз да соған жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай.
Ұйымдастырушылар қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды аталмыш шараға қатысуға шақырды.
Аталған шараның басты мақсаты – жастардың және жалпы қала тұрғындарының қоршаған орта мен табиғат аясына немқұрайлы қарамай, тазалықтың маңызын жете түсіндіру, адамдардың бойында экологиялық мәдениеттің дағдыға айналуына жәрдемдесу, еңбек арқылы табиғатты күтіп ұстауға үйрету болып табылады.
Акцияға, 300 ге жуық адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, ұйымдастырушылар, волонтерлер және Көкшетау қаласының тұрғындары.