Экологиялық сенбілікке ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ақмола облысының экология департаменті, Астана қаласы экология департаменті, Қосшы қаласының барлық мемлекеттік мекемелері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, күштік құрылым өкілдері, комунналдық мекемелер, «Жасыл » экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, студенттер мен волонтерлердан құралған төрт жүзге жуық адам жұмылдырылған.
Жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде әлемнің көптеген елдерінде аумақты қоқыстан тазарту және тұрақты тазалықты сақтау үшін қалың жұртшылықтың, БАҚ-тың, мемлекеттік және бизнес құрылымдардың күш-жігерін біріктіру мақсатында “Дүниежүзілік тазалық күні” (World Cleanup Day) экологиялық акциясы өтеді.