Жағдайды жақсарту шаралары қарастырылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Ақмола облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ағыбай Сыздықов мекеменің ағымдағы жылдың сегіз айында атқарған жұмыстары туралы баяндап берді.

Аталмыш басқарма саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады. Баяндамашының мәлімдеуінше, жыл басынан  бері 33 993 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

–Осы жылдың 1 тамызындағы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, облыста 403,9 мың бас ірі қара мал, 617,2 мың бас қой мен ешкі, 265,9 мың бас жылқы, 42,9 мың бас шошқа және 210 түйе бар. 2024 жылға ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау үшін облыстық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінді. Тиісті қаржының 1,8 миллиард теңгесі немесе өткен жылдың 8 айына жоспарланған көлемтолық игерілді.4,3 миллион ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына тиісті вакциналар салынды, 361,679 мың ірі қара малдан бруцеллезге және басқа да аса қауіпті ауруларға қан сынамасы алынып, зерттелді. Ауыл шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру үшін биыл бюджеттен 50 миллион теңге қаржы қарастырылып, 134,5 мың бас ірі қара, 176,8 мың бас ұсақ мал, 19,7 мың бас жылқы, 20,6 мың бас шошқа және 75 бас түйе бірдейлендірілді, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеуге де облыс бюджетінен 96,5 миллион теңге бөлініпті. Басқарма қаңтар-ақпан айларында төрт бағдарлама бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізіп, оны «Қазшосқұрылыс», «Альянс Строй Инжиниринг», «Aziya Str», «KazTorg» серіктестіктері және «Әліп» жеке кәсіпкерлігі мен «Арыстан»  компаниясы жеңіп алған. Бүгінгі таңда олар 5,5 мың бас ит аулап, 1,6 мың бас қаңғыбас итті жансыздандырған көрінеді.

Ірі қара мал бруцеллезі бойынша былтыр 7 қолайсыз ошақ тіркелген болатын, биыл Зеренді ауданы Қонысбай ауылындабір қолайсыз ошақ анықталыпты. Жеке меншік табындарда осы аурудан 75 басірі қара малсауықтырылған.

Баяндамашы қазір облыста эпизоотиялық ахуалдың жақсарғанын айтып, қолда бар материалдық-техникалық жарақтар, оның ішінде ветеринарлық стансалардың техникасытуралы айтты. Бұған дейін талай мәрте жазғанымыздай, облыстың ветеринарлық стансаларындағы құрал-жабдықтар мен техника соңғы рет 2013 жылы сатып алынып, бүгінде толықтай тозған.

–Сондықтан, ветеринарлық стансаларды жөндеуге, қосалқы бөлшектер сатып алуға, техникалық қызмет көрсетуге көп шығын жұмсалады, техниканың бір бөлігі пайдалануға жарамсыз. Биыл  облыс  әкімі осы мәселені реттеу мақсатында бюджеттен қаржы бөлгізумен бірге,аудан және қала әкімдеріне ветеринарлық  мамандарға тұрғын үй беру мәселелерін қарастыруды тапсырды, –деді Ағыбай Көкішұлы.

Нақты айтсақ, облыстық бюджеттен осы мақсатта 21 автокөлік, 118 планшет, 20 модульдік ветеринариялық пункт сатып алуға және 9 типтікмал қорымын салуға 687,4 миллион теңге бөлініпті.

Кадрлардың жетіспеушілігі ветеринарлық жұмыстың күрделене түсуіне әсерін тигізіп келеді. Осы проблеманы шешу үшін жыл сайын аудандарға «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен мамандар тартылуда. Ағымдағы жылы ветеринария басқармасының мамандары Астана қаласының аграрлық университетіне және Катаркөл ауыл шаруашылығы колледжіне  барып, оқу бітіруші жастарды облысқа шақырған. Соңғы үш жылда «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен 86 ветеринарлық маман жұмысқа орналасыпты. 36 маман тұрғын үй сатып алу үшін берілетін жеңілдетілген несие алу мүмкіндігін пайдаланған. 50 маман жалпы сомасы 11,6 миллион теңгені құрайтын бір жолғы жәрдемақы алған көрінеді. Биыл 35 жас маман жұмысқа қабылданыпты.

Баяндамашы брифинг соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, салаға жастарды тартудың қиындықтарын тағы бір тілге тиек етті.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар