Жаңа партия билеттерін алды

Жуырда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облысы бойынша филиалында жаңа партия билеттерін тапсыруға арналған актив жиналысы болып өтті.

Жиналыста филиал үйлестірушісі Асылхан Шәріпов бүгінгі таңда партия алдында тұрған міндеттерді тағы бір саралай келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған биылғы Жолдауында сөз болған тоғыз бағыт бойынша өз ойларын ортаға салды және олардың әрқайсысының мән-маңызын ашып көрсетті.

Осы жолы «Ауыл» партиясының жаңа дизайнмен жасалған соңғы үлгідегі мүшелік билеттерін алғандардың қатарында зейнеткер Әлімтай Ғазезұлы Шәріпов, жеке кәсіпкер Айнагүл Амантайқызы Өстемірова, Сандықтау аудандық мәслихатының депутаты Андрей Васильевич Галюк, Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты Сергей Васильевич Швецов, партия белсендісі Жұлдыз Сәрсенбайқызы Сәдуақасова және тағы басқалары бар. Олардың бәрі де өз жүрек қалауларымен әр кезеңде осы партия мүшелігіне өтіп, бүгінгі таңда оның жұмысына, соның ішінде ауылды дамытуға белсене ат салысып жүрген жандар.

Партияның облыстық филиалы өз жарғысында жазылған мақсаттар мен міндеттерді ұстану және іске асыру жолында қашанда осындай белсенді мүшелеріне арқа сүйеп, солардың күш-жігері, білім-білігімен қызметін әрі өрістетіп келеді. Сондықтан, осы өзара түсіністік пен ауызбіршіліктің өтеуіндей, партия тапсырмаларын орындауда ерекше көзге түсіп жүрген бірқатар партия мүшелерінің осынау жиналыста Алғыс хаттармен марапатталуы да жан сүйсінерліктей көрініс болды. Актив жиналысы осындай бір жақсы үрдіспен қорытындыланып, партия жұмысының үйлесімділігі мен жүйелілігін көрсетті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар