Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қолөнер шеберлері құрметтелді - АРҚА АЖАРЫ

Қолөнер шеберлері құрметтелді

Астанада болып өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Мәдени бағдарламасы аясында «Көшпенділер әлемі» этноауылының аумағында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 450 қолөнерші «Құрақ көрпе» қазақ көрпесін тігуге қатысты.

Жобаның шарты бойынша қатысушылар бекітілген сурет бойынша бір уақытта қолмен көрпе тігіп, оларды біріктіргенде, ұзындығы 252 метр және ені 40 метр болатын тіктөртбұрыштың өлшемі бар үлкен өрнекті кілем пайда болды. Қазақстандық қолөнер шеберлерінің жұмысы Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Көкшетау қаласынан «Құрақ көрпе» тігуге төрт шебер Семсерхан Март, Донайхан Сайран, Қалдырбаева Ғалия және Байрамова Анаргүл қатысты.

17 қыркүйек күні қаламыздың «Салтанат» сарайында халық-қолданбалы өнер шеберлеріне құрмет көрсетілді.

Қала әкімінің орынбасары Даниярбек Нұрсейітов өз сөзінде көкшетаулық қолөнершілерге қазақ халқының бай мәдени мұрасын халықаралық деңгейде көрсеткен «Құрақ көрпе» үлкен жобасына қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Қазақстандық жобаға белсенді қатысқаны және қазақ халық қолданбалы өнерінің дәстүрлерін насихаттағаны үшін қолөнершілер қала әкімдігінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Серік СӘДУАҚАСОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар