Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақпал ауыз судан тарыққан күн артта қалмақшы - АРҚА АЖАРЫ

Мақпал ауыз судан тарыққан күн артта қалмақшы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін ауыл халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып табылады.

Бұған дейін Мақпал ауылы тұрғындарының есепті кездесулер өткізу барысында көтеретін мәселелерінің бірі осы елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету болатын. Өткен жылдан бері аталмыш ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «АрАйNS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ақмола облысы Біржан сал ауданы Мақпал ауылында су құбыры желілерін қайта құру» жобасын жүзеге асырда. Су құбырының ұзындығы 9834 метрді құрайды. Жалпы екі жыл ішінде жаңадан су сорғы станциясы салынып, 500 текше метр суға арналған резервуар, құдықтар, бетон қоршаулар орнатылып, гидрооқшаулау жүргізіліп, көзделген жұмыстар толығымен аяқталды. Су тұтыну учаскелерінің шекараларына дейін де су құбыры желілері тартылған.

Аудан әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, ендігі кезекте сумен жабдықтау жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізу, дезинфекциялау және қысымды сынау, яғни, тексеру жұмыстары қалған. Бұл жақын уақытта ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деген сөз.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар