Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Назар аударарлық өнегелі істер бар - АРҚА АЖАРЫ

Назар аударарлық өнегелі істер бар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді және Сандықтау аудандарына жұмыс сапары барысында бірқатар шаруашылықтарды аралап, егіншілік саласы мен мал шаруашылығындағы істің жайымен танысты және жаңа міндеттерді белгіледі.  

 Зеренді ауданы облыстың астықты өңірлерінің бірі болып табылады, биыл мұнда астық жинау алаңы 221 мың гектарды құрады. Бүгінгі таңда ауданда 125-тен астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жұмыс істейді, науқанға 1076 комбайн жұмылдырылған.

Ауданға жұмыс сапары аясында Марат Ахметжанов «KazGrainFeeders» ЖШС және «Щучье гормолзавод» ЖШС алаңдарын аралады.

Алдыңғы серіктестікте 6600 гектар егін алаңы, 32 техника бар, мұнда жүгері, бидай, арпа және басқа да дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өсіріледі. ЖШС-ында 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін машина-трактор шеберханасы жұмыс істейді.

–Шеберхана жыл бойы жұмыс істейді, кез келген күрделі техниканы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық қажетті жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етілген, – деді өз сөзінде серіктестік директоры Қанат Әлмұхамедов.

Ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылады, олардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады.

Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі – «Щучье гормолзавод» ЖШС, «KazBeef» компаниясының құрылымдық бөлімшесі және етті бағыттағы ірі қара мал өсіруге маманданған шаруашылық болып табылады. Ангус және герефорд ірі қара малына арналған кәсіпорынның бордақылау алаңы толығымен автоматтандырылған және цифрландырылған, әр жануарға арнайы мәліметтер базасы құрылған. Сонымен қатар, кәсіпорын мал шаруашылығын табысты жүргізу үшін қажетті жемшөп өндірумен айналысады. Зауытта қазіргі уақытта жемшөп дайындаумен айналысатын 75 адам жұмыс істейді.

Кездесу соңында облыс әкімі шаруашылықтардың қызметіне оң баға беріп, одан әрі табыс тіледі.

–Ақмола облысында өндірілетін өнімдердің басым бөлігі ғасырлар бойы үлкен сұранысқа ие, оның ішінде ірі қара етін атауға болады. Бұл жалпыға белгілі жай, – деп атап өтті өңір басшысы.

Бұдан кейін Марат Ахметжанов Сандықтау ауданының Максимовка ауылында болып, ондағы Александр Закусилов басшылық ететін «Максимов»  серіктестігінде егін жинау науқанының барысымен танысты.

«Максимов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сандықтау ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі. 1000-ға жуық адам тұратын Максимовка ауылында серіктестік қаражаты есебінен ауыл тұрғындарының сапалы өмір сүруіне тиісті жағдай жасалған. Серіктестіктің қолдауының арқасында ауылда  жолдар жөнделді, жаңа спорт кешені, 12 бөлмелі қонақ үй үлгісіндегі жатақхана салынды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне жаңа заманауи әрі тегін баспана беріледі. Бүгінгі таңда ауыз сумен, ұзақ жану пештерімен, сапалы жиһазбен қамтамасыз етілген 10 екі пәтерлі тұрғын үй бой көтерген.

– Кәсіпорын 18 мың гектар егістік алқабында егіншілік шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде дәнді және майлы дақылдар – 14 мың гектар, сонымен қатар, жемшөп алқаптары да бар. Биыл бидайдың «Алабұға» жұмсақ сұрыпы егілді. Түсімі гектарына орта есеппен 30 центнерден асып отыр. Субсидиялау және кредиттеу түрінде қолдау білдіргені үшін мемлекетке алғыс айтқым келеді. Биыл «Кең дала -2» бағдарламасын пайдаландық, ол қаражат шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалды. Субсидиялауға келетін болсақ, біз оны әртүрлі бағдарламалар бойынша аламыз. Субсидияға алынған қаражаттың едәуір бөлігін ауылымыздың әлеуметтік дамуына жұмсаймыз, өйткені, ауыл тұрғындарының жағдайын жасауымыз керек. Біз ұрпағымызға жарқын болашақ сыйлау үшін өмір сүруіміз керек, –  деді А.Закусилов.

Шаруашылықтың кей егін алқаптарында «Алабұға» жұмсақ сұрыпты бидайынан орта есеппен 57 центнерге дейін астық жиналуда.

Шаруашылықта  дәнді дақылдарды өсіру, жинау және сақтау үшін барлық жағдайлар жасалған, 9 комбайн, 18 трактор және басқа да ауыл шаруашылығы техникасы бар. Кептіру кешені, механикаландырылған қырман, астық қоймалары бар, элеватор жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда серіктестік еңбеккерлері озық технологияның арқасында маңдай термен өсірілген мол астықты шашпай-төкпей құт қамбаға құйып алу үшін ашық ауа райының әрбір тиімді сәтін ұтымды пайдалана  отырып, уақытпен санаспай еңбек етуде.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Свободное» серіктестігінің қырманын, «М-Арена» жабық хоккей кортын, қонақ үй кешені мен ауылдың тірек пункттерін де аралап көрді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Зеренді, Сандықтау аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар